Шымкентте жер сілкінді

255

Шымкентте жер сілкінді. Бүгін күндізгі сағат 12-ден 45 минут өткенде Оңтүстік Қазақстан облысында жер сілкінгені туралы ақпарат тіркелген.

Еліміздің геофизикалық зерттеу институты сейсмикалық ақпараттарды жинау және өңдеу орталығы хабарлағандай, 2 баллдық жерасты дүмпулерінің ошағы Шымкент қаласынан 25 шақырым жерде болған.

Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер тіркелген жоқ.