Тот басқан құбырлар, істен шыққан бұрандалар. Нәтижесінде су толған жертөлелер. Осындай жағдай №59 үйде де көп жылдардан бері қалыптасқан болатын. Үй комитетінің төрайымы Самиға Хасанова мұндай бей берекетсіздікке ендігі жерде шыдау мүмкін еместігін айтып, жағдайды реттеуге тұрғындардың өзін жұмылдырыпты.
Самиға Хасанова , №59 үй комитетінің төрайымы: «Тұрғындардың пәтерлеріндегі тіреуіштер мен құбырлардан су ағатын, ал жертөлесіндегі құбырлар әбден ескіріп, тозығы жеткен. Мен өз басым Анарбек Оңғарұлын және су арнасы мекемес ұжымын құрмет тұтамын. Олар бір қадам алда жүреді. Біз енді ғана жаңғырту жайын талқыласақ, олар оны жүзеге асыруда».
Самиға Хасановаға мекемеде су жүйесін жаңарту бойынша ұсыныс жасағанда, үй комитетінің төрайымы еш күмәнсіз бірден келіскен. Бұл үйді ылғалданудан сақтайтын бірден бір тиімді шара деген ол, егер өзге де коммуналдық мекемелер осындай жұмыс атқарса, тұрғындар оларды тек құптайтын еді дейді.
Самиға Хасанова: «Егер жылуберушілер де үйдегі барлық құбырларды жаңаласа, атқарған жұмыстарына төлемді несие түрінде өтесек. Кім қарсы. Міне су арнасы бізге барлық жұмыстарды несиеге жасап жатыр. Тұтынушы бір жылда 14 мың теңге төлеуі тиіс. Бұл өте тиімді, алтын уақытыңды да үнемдейсің».
«Су арнасы маркетинг» ЖШС мамандарының су есептегіш құралдарын табалдырық алаңшаларына шығару тәжірибесінен бас тартуына аязды қыс себеп болды. Жаңа жоба есептегіш құралдарын қыс мезгілінде тоңып қалудан сақтайды. Жылдың соңына дейін мекемеде 30 көпқабатты үйдегі есептегіш құралдарын шығаруды жоспарлауда.
Мұхтар Сыдықов, «Су арнасы-Маркетинг» ЖШС бас директорының орынбасары: «Қыс мезгілінде жертөлелерде жылу жүйесі жұмыс істейді, подъездерге қарағанда ол жерде жылырық болады. Сондықтан да біз су есептегіш құралдарын жер төлесіне шығаруды ұйғардық. Тарату жәшігінен әрбір пәтерге құбыр тартылады.Биыл 1750 көпқабатты үйдің 30 да жаңғыртуды көздеп отырмыз. Келер жылы ол артатыны сөзсіз».
Егер бұл бастаманы үй комитетінің төрағалары мен тұрғындар құптаса, нәтижесін тұтынушылардың өзі көреді, дейді су берушілер. Мекеменің өзінде су шығыны азаяды, ал тұрғындар болса жеке және жалпы үйдегі есептегіш құралындағы көрсеткіштің айырмашылығын төлемейді. Және ең бастысы жер төледегі ылғалдылықтан құтылады.