Темірлан ауылында 4 жасар бала суға батып кетті

Ордабасы ауданы Темірлан аулында 4 жасар бала «Құртай» каналына суға батып кеткен. Бүгін таңғы сағат 10-00 дар шамасында баланың денесін ауылдан 12 шақырым жерде суда құтқару қызметкерлері алып шықты.

Өткен үш күннің ішінде облысымызда үш адам суға кетіп қайтыс болды. Олардың екеуі Сырдария өзеніне ағып кеткен.

Ал облысымыздың ТЖД суда құтқару қызметкерлері облыс тұрғындарын суда сақ болуға шақырады. Әсіресе ойын балаларын көзден таса қылмай бақылауда ұстаңыздар деп ескертеді.