Қоғамдық қабылдау өз ісін ашуға және несие алуға ниеттілерге арналды

333
Нұр Отандағы темір тұлпар иелері

«НұрОтан» партиясының облыстық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Бүгінде жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтуда және жеке ісін ашқысы келгендерге үкімет тарапынан қолдау көрсетілуде. Осы мақсатта «Жұмыспен қамту» және «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламалары қабылданған. Игі істің шет жағасын БАҚ естіген сайрамдық Әлиакбар Нұрбеков несие алып, өзінің шағын кәсібін ашудан үмітті. Осы бағытта бүгін алғашқы қадамын да жасап, қоғамдық қабылдауға келді.

Әлиакбар Нұрбеков, Сайрам ауданы Жаңаталап ауылының тұрғыны: »  Несие  алып, түрлі түсті металды өңдеумен айналыспақпын. Ол үшін қандай құжаттар қажет. Қазір түсінгенім, жұмыспен қамту орталықтарында кәсіпкерлікке үйренуге болады екен. Құдай бұйырса, жаңа мамандықты игеремін».

Бірыңғай қоғамдық қабылдауда болғандардың басым бөлігі несие алу, жеке ісін ашу бойынша өтініш білдіргендер. Байқағанымыз, ауылдағы ағайындар бизнесті сауда-саттықпен шатастыруда. Оларға кәсіпкерліктің жолын, бағыт бағдарын осындағы қабылдауды жүргізген сала мамандары егжей-тегжей түсіндірді.

Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары:  «Өз ісін ашамын деген азаматтарға қолдау күшті. Шағыннесиелер беріледі. Істі бастағанда  шағын несиеден бастау керек. Бүгінде кепілдікке  жылжымайтын мүлік алынады. Ол үй не жер болуы мүмкін. Сұрақтарыңыз болса жергілікті әкімдіктерге барыңыздар. Олар барлығын түсіндіріп беруге  міндетті».

Қатып қалған дүние жоқ, мамандығың бойынша кәсіп таппасаң, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруге болады. Ол үшін бүгінде жұмыспен қамту орталықтарында қысқа мерзімді дайындық курстары бар. Бұл жерде, қажет болса өз ісін ашуға ниеттенгендерге бизнес жоспар жасауға да көмсектеседі. Тағы бір жағымды ақпарат – бүгінде 3 млн. теңгелік несие 6,5 пайызбен 5 жылға дейін беріледі. Мүмкіндік көп, тек оны дұрыс пайдалану қажет дейді мамандар.