«Доня» сатушыларына сый жасады

Сатылым көп болған сайын жеңіске жету мүмкіндігі зор. «Доня» сауда белгісі өз клиенттері үшін нағыз мереке ұйымдастырды. Сауда белгісінің жетекшілері Доня майын көптеп сатқан шынайы әріптестердің жұмыс орнына барып, жеңімпаздарды құттықтады.

Умид Ашимов, сатушы: Мен, мұндай тосынсыйға ие боламын деп ойламаппын. Теледидар үшін рахмет».

«Шымкентмай» АҚ 70 жылдан бері қажырлы жұмыс істеп келе жатқан қара шаңырақ. Осы мерзім ішінде компания ұжымы май өндіру саласы бойынша көптеген жетістіктерді бағындырды. Зауыт өтдірген өнім халық арасында үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, «Доня майының» тұтынушылары жылдан жылға артып келеді.

Надира Мырякупова: «Мен үнемі «Доня» майын сатып аламын. Өйткені, оның сапасы жақсы. Бағасы да қолжетімді. Енді қсімдік майынан палау мен түрлі бауырсақ пісіріп, немерелерімді қуантатын боламын».

Клиенттердің көңілінен шығуды ғана ойлайтын компания қызметкерлері шығарылатын өнімнің сапасын арттыру ісін ешқашан тоқтатқан емес. Сөздерінше, тұтынушының қалауы мұндағылар үшін бұлжымас тапсырма.

Ерлан Сариев, бөлшектеп сату бөлімінің сектор меңгерушісі: «Биыл біздің компания нарыққа 5 түрлі тазалау сатысынан өткен залалсыздандырылған өсімдік майын шығарды. Біздің ұсынған өнім пайдалы ғана емес, үнемді де».

Шымкентай компаниясы болашақта өз сатушыларын мұнан да көп етуді жоспарлап отыр. Жақын күндері «Доня» сауда белгісі де өз тұтынушыларына арнайы акция жарияламақ. Ол кезде жарысқа қатысушылар «Доня» майы қосылған тағамдарын ұсынып, үздік ас мәзірі бойынша бақ сынайтын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=y3qTHhzvi2A[/youtube]