Шәмші Қалдаяқовтың 2 бірдей әні табылды

806
Жұбаныш Жексенұлы жерлестеріне келіп, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті

Өнерсүйерқауымға «Өкінбе сен» әнімен танылған әнші Жұбаныш Жексенұлы бүгінде Қазақстанның жарқын жұлдызы. Өзіндік ерекше талантын танытып, қазақтың халық әндерін дәріптеп жүрген өнер иесі “Қазақстан», «Махаббат елі» сынды жаңа әндер жаздырыпты. Жерлестеріне келіп, шығармашылық жолындағы жаңалығымен бөлісуді жөн көрді әнші. “Оңтүстікте өтіп жүрген ән кештері мен өнер басқосуларына жиі келіп тұрамын. Себебі жерлестеріммен қауышу – менің жаныма ерекше серпіліс сыйлайды” деген Жұбаныш Жексенұлы өнер өлкесіндегі соңғы кездері тапқан олжасын айтуды ұмытпады.

Жұбаныш Жексенұлы жерлестерімен шығармашылығындағы жаңалығын бөлісті

Жұбаныш Жексенұлы, әнші: “Шығармашалағамда ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық жоқ болғанымен, қуанышты жағдайды жерлестеріммен бөліскім келеді. Яғни Шәмші Қалдаяқовтың айтылмаған 2 бірдей әнін таптым. Біріншісі – “Арқалықтың ақ таңы” деп аталады. Ал екінішісі – “Сүймегендер сағынбайды” деген ән. Осы орайда айта өтейін, екі әннің де сөзін жазған қазақтың біртуар ақыны – Мұхтар Шаханов. Бұл әндерді тауып, халық алдында әуелетіп айтудың өзі – мен үшін үлкен мәртебе. Шәмші ағамыздың еңбектерін ұлықтап, дәріптеу бізге артылған жауапты жүк деп білемін. Алдағы уақытта да Шәмші ағамыздың тың туындылары табылып жатса таң қалуға болмайды. Өйткені Ұлы сазгер ұрпаққа еншісін қалдыруда ерінген емес”.

Лирика мен патриоттық тақырыптағы әндерді орындап, жұртшылықтың жүрегінен орын алып жүрген Жұбаныш Жексенұлы алдағы уақытта 2 бірдей әніне бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр. Сондықтан, патриоттық мейлі лирикалық тақырыпты болса да терең түсініп, халықтың жүрегіне жеткізуде шеберлік танытып жүрген талант иесі осылайша Оңтүстік өңіріне арнайы ат басын бұрып, жағымды жаңалығын жеткізді. Ендеше, әншінің аталған әндерді орындауда өнерсүйерқауым өз бағасын береді деген сенімдеміз.

Айнұр Рахымберді, қала тұрғыны: «Жасыратыны жоқ, Шымқалаға Жұбаныш Жексенұлы келіпті деген хабар жерге тимей желмен ұшып тарады. Құрбыларыммен Шәмші аллеясына келіп, әншінің жолын тостық. Келген бойда талант иесінің қарапайымдылығана тәнті болдық. Жиі-жиі ат басын бұратын Жұбаныш әрдайым осы қалпынан танған емес. Қолтаңба беріп, еш жатсынбай суретке де түсті бізбен. Міне, адамдық қалпына қарап, сүйсінбеске лаж жоқ. «Жұлдыз» ауруына шалдықан  болар деген де ой болғанын мойындаймын. Десе де осы ойды ойлап үлгергеніме өкініп отырмын. Халықтың алдында өнер көрсетіп, халық үшін өнердің ауырлығын көтеріп жүрген азаматқа қандай құрмет көрсетілсе де жарасып тұр. Сондықтан, елінің өнерін дәріптеп, өзге елдерде қазақ әндерін әуелетіп жүрген Жұбаныш Жексенұлына өнерде өрлей беріңіз дегім келеді».