Шымкентте наубайханалар жабылып жатыр

Оңтүстікте ұн бағасы күрт көтеріліп кетті. Әсіресе Мақтарал ауданында жағдай қиын. Ұн бірден 700 теңгеге қымбаттаған. Ауыл тұрғындары өнім бағасының мұншалықты шарықтауына наразылық білдіруде. Ал бұл кезде Шымкентте наубайханалар бірінен соң бірі жабылып жатыр. 

Қап-қап болып үйілген ұнды көріп, оңтүстікте ас атасынан проблема жоқ болар деп ойлайсың. Бірақ негізгі мәселе сол ұнның аспандап кеткен бағасында болып тұр. Жетісайдың орталық базарын аралап, ұн ала алмастан бос қайтуыңыз ғажап емес. Өйткені, бағасы ұшып тұр.

Сатушылардың өздері де ұнның қымбаттағанына разы емес. Пайдаға батып жатқан біз жоқ. Оны өндірушілер ғана оңай олжаға кенелуде дейді олар.

Бұл өз алдына бір мәселе, ал өткен демалыс күндері қала тұрғындары расымен де қара нанға зар болды. Өйткені бірқатар наубайханаларға жабылып қалған. Олай етпеске амалы жоқ. Ұн қымбат, ал нанның бағасын көтеруге болмайды.

Қалалық кәсіпкерлік бөліміндегілер енді бар қиындық артта қалды дейді. Өйткені келісімі бар нан пісірушілерге жеңілдетілген бағада ұн таратылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=snoQaTp9ST0[/youtube]