Шымкенттегі бұрынғы Сухэ батыр көшесі Жұмабай Шаяхметов есіміне ауыстырылды

Мемлекет қызметкері Шаяхметов көшесі

Шымкентте жаңа көше пайда болды.  Бүгін мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметов тұрған үйдің  қабырғасына мемориалдық  тақта орнатылды. 1938-54 жылдар аралығында Қазақстанды басқарған азаматтың есімі осы көшеге екі жыл бұрын қалалық мәслихаттың шешімімен берілген болатын. Еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан Шаяхметовтің еңбегін кейінгі ұрпақ ұмытпауы тиіс дейді аға буын өкілдері.
Жұмабай Шаяхметов елді басқарып тұрған кезеңдерде қазақ жастары Мәскеу мен Ленинградта білім алып, аспиранттар мен доктаранттардың қатары көбейе түсті. Қазақстанда жаңадан көптеген зауыттар мен фабрикалар іске қосылды. Темір жол салу да қолға алынды. Өзге де салаларда алға ілгерілеушілік байқалды. Бұл орайда Жұмабай Шаяхметовтың еңбегі өлшеусіз.
2009 жылы Сухэ батыр көшесі Жұмабай Шаяхметов болып қалалық мәслихаттың шешімімен өзгертілді. Бүгін міне аға буын өкілдері мемлекет қайраткерінің құрметіне мемориалдық тақта ашты. Естеліктер айтылды. Сталин Шаяхметовті «Шығыс қыраны» деп атаған. Бірақ, Хрущев билікке келгеннен кейін тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі бойынша Шаяхметов орнынан алынды.

Еңбегі орасан зор құрметті азаматтарымыздың есімін көшеге беріп, олар туралы кейінгі ұрпаққа ұдайы айтып жүргенде ғана жастарымыз өз батырларын мен тарихын терең біледі дейді аға буын өкілдері.