«Дельфин» аквасаябағы – Шымкенттегі ең таңдаулы демалыс орны

443
"Дельфин" аквасаябағы - Шымкенттегі таңдаулы демалыс орны

Шымкенттіктер демалу, күнге күю, шомылу арқылы денсаулықты жақсарту үшін ешқайда сабылмай-ақ қоюына болады. Бүгінде жергілікті аквапаркте қалаға келген қонақтар да арнайы демалуда.

Жаз. Аптап ыстық. Бұл күндері қаладан шықпай-ақ жақсы демалғымыз келеді. Ал Дельфин аквасаябағы отбасылық демалудың бар жағдайын жасап отыр. Саябақтың алаңында орналасып қана қоймай, табиғат аясындағы таза ауаныда сыйлауда. Күннің шуағы, мөлдір су, жасыл желектердің өзі сіздің демалысыңыздың көңілді өтуіне кепіл бола алады.

Бибіжамал Қойшыева өзінің еңбек демалысын Дельфинде өткізгісі келіпті. Себебі, қаламызда Дельфинге жететін демалыс орны жоқтың қасы деп есептейді. Үйімнен де алыс емес және жаздыгүні мұндай мөлдір суды табу қиын дейді ол.

 

Бибіжамал Қойшыева Дельфин аквасаябағына жететін демалыс орны жоқ деп есептейді

Бибіжамал Қойшыева, қала тұрғыны: “Мұнда бәрі тамаша. Демалудың өзі жанға жайлы. Табиғатына қарап сүйсінгенімді жасырмаймын.

Айта өтейін, мен шетелде жиі демаламын. Қарап отырсам, бұл аквапарк олардан кем түспейді. Анығырақ айтсам, отбасымызбен демалуға өте жайлы тынығу орны”.

Семен Троцан – Калинградтан келген арнайы қонақ. Аквапаркке жиі келеді. Жыл сайын демалысында Шымқалаға арнайы ат басын бұратын ол аквапаркте уақытымды тиімді өткіземін дейді. Семен демалысының көзді ашып жұмғанша өтетінін мойындап, көбіне күнге күйіп, денсаулығына баса назар аударады.

Семен Троцан: “Керемет. Бастысы күнге күю емес. Ағзаға қажеттіліктерді табиғаттан алу. Су, аквапарктің бізге ұсынған жоғарғы дәрежедегі жағдайын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Айта өтейік, аквапаркке тек үлкендер тарапы емес, балалар да жиі келеді. 8 жасар Тамирис 3 жасынан бері Дельфиннің қонағы екенін жасырмады. Жазғы дене шынығыуы мен суға шомылуның нәтижесінде қыстыгүні Томирис аурудан аулақ болыпты. Әсіресе оған су сырғанағы мен балаларға арналған бассейн қатты ұнайды.

Тамирис Рустем: “Мен бұл бассейнді жақсы көремін. Әрдайым анамнан осында келейікші деп сұранамын. Себебі, бұл – менің сүйікті бассейнім. Дельфиннен өзге еш жерге барғым келмейді. Суы да тұп-тұнық. Сондықтан достарымызбен осындай көп келеміз. Су шашып, ойнаймыз”.

Аквапактің аумағында 3 бассейн су сырғанағымен жұмыс жасауда. Дельфинге жанұяңызбен келсеңіз, денсаулығыңыз жақсарып, көңіл күйіңіз көтерілетін болады. Ендеше, «Дельфин» аквасаябағы сізді күтеді. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HdZzihB-0pA[/youtube]