«Дельфин» аквабағы шақырады

1046

Жаз келіп, аптап ыстық әбден күшіне мінді. Оның үстіне жазғы шілде де келіп қалды. Осындай сәтте салқын суға бір сүңгіп алуды кім қаламайды дерсіз? Ал Шымкентте осындай бір орын бар. Онда уақытты көңілді өткізіп, жақсылап тынығуға болады. Ол үшін алысқа бармай-ақ, «Дельфин» аквапаркіне келсеңіз болғаны. Жерлестеріміздің бұл демалыс орнына сеніммен келіп жүргеніне 15 жыл да болып қалыпты.

"Дельфин" аквабағы шақырады

Мөлдір таза әрі жылы суда шомылып, таза ауада, тал-дарақтың көлеңкесінде жату – тамаша демалысқа ең қажеттілер осылар. Шаһарымыздағы «Дельфин аквапаркі» Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарына бір сәт қым-қуыт тірліктен арылып, демалуға шақырады. Ол үшін қала сыртына шығудың да қажеті жоқ.

"Дельфин" аквабағы шақырады

Аквасаябақта бірнеше бассейн бар. Арасында сәбилерге арналған хауыз да бар. Ата-анасының қарауымен балғындар жылы суда шомыла алады. Тұрақты клиенттері «Дельфиннің» ең жақсы демалыс орны екенін сеніммен айта алады. Себебі, мұндағы көрініс тамаша әрі мұнтаздай таза. Ал арзан билеттер үлкен отбасымен келіп, демалуға мүмкіндік береді.

Аквапарк басшылары ата-аналардың демалысын да ұмытпаған. Ата-анасы шомылып жатқанда балғындарына аниматорлар қарай тұрады. Олар балғындарға арнап көңілді конкурстар мен қызықты ойындар, шоу-бағдарламалар дайындап қойыпты.

"Дельфин" аквабағы шақырады

Ендеше, қаланың қым-қуыт тірлігінен бір сәт демалып, мөлдір таза суға шомылғыңыз келсе, Дельфин аквапаркіне келіңіз. Демалыс орны күне сайын сағат 12-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: Рысқұлбеков көшесі, нөмірсіз үй. Абай саябағы.

Лаура Нахыпқызы