Шымқалаға Ресейлік саяхатшы ат басын тіреді

482
Ресейлік саяхатшы бүкіл әлемді аралап шықпақ
Саяхатшы спортшылармен кездесті

Саид-Ахмад Давлахмадов 2007 жылдан бері әлемді аралап, бүгін оңтүстікке келіп жетті. Автокөлікпен жолға шыққан ресей азаматын туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасында арнайы қарсы алып, сәтті сапар тіледі.

Сондай-ақ, жастармен кездескен 66 жастағы зейнеткер осыдан 5 жыл бұрын саяхатқа шығып, 147 елді аралап өтіпті. Ал қазақстан оның аралап өткен 148-ші елі. Әр халықтың тілімен дәстүрін үйреніп, адамдар арасында дін, дәстүр тіл секілді шектеу болмауы тиіс дейді.

Шымкенттен кейін саяхатшы Қызылордаға қарай жол тартып, кейіннен Мысырмен Африкаға дейін автомобильде жүріп өтуді жопсралап отыр.

Саид-Ахмад Давлахмадов, саяхатшы: «Саяхатқа шуғымның тарихы тереңде жатыр. Әкем маған «Москвич» сатып алып берген болатын. Ең алдымен сол көлікпен бір қатар елді аралап шықтым. Бүгінде шет елдік автокөлікке мініп әлемді аралап жүрген жайым бар. Менің басты мақсатым қандай ұлт болсын, қай тілде сөйлемесін немесе қандай елде тұрмасын – ең бастысы адам екенін айтқым келеді. Халықтар арасында шекара болмауы тиіс. «