Тамыздың 25-нен кейін күн салқындайды

465
Жақында күн салқындайды

Оңтүстікте ауаның температурасы 60-70 градусқа дейін ыстық бола ма? Ел арасында осындай лақап сөздердің тарағаны жасырын емес.

Жақында күн салқындайды

Бұған жауап ретінде синоптиктер тамыздың 25-ші жұлдызынан кейін аптап ыстықытң беті қайтады деп отыр. Мұндай қайнаған ыстық Оңтүстік үшін таңсық емес. Тек ыстық ауа апталап сақталғандықтан, ел арасында түрлі жорамалға сеп болды дейді мамандар.

Батыстан келер циклонның әсерінен тамыздың 24-25-ші жұлдызында ауа температурасы 8-10 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Айта кетейік, таяу күндердегі ең ыстық ауа температурасы тамыздың 19-на тіркелген. + 46 градус.

 «Мұндай аптап ыстық Оңтүстік өлкесі үшін тән құбылыс. Сондықтан үрей туғызып, дүрбелең салуға негіз жоқ. Ауа температурасы біршама салқындап, кейбір жерлерде өткінші жаңбыр жауады деп болжануда. Шаңды дауыл болуы мүмкні.  Ауа температурасының бірден суып, не болмаса не ысып кетуі күтілмейді»-дейді «Қазгидромет» РМК ОҚОФ директоры Махамбет Жазықбаев.