«Бекжан» базарының әкімшілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ОҚО ІІД-не Қырғызстаннан біздің елге нәпақа табуға келгендер шағымданған. Олардың айтуынша, осы сауда орнының басшылығы саудагерлерге қысым көрсетіп жатыр. Тіпті күш көрсетіп, қол жұмсауға дейін барды дейді қырғыз саудагерлері.
«Бекжан» базарынан тағы да шу шықты. Шырыл қағып шағымданған — қырғыздық саудагерлер. Олардың айтуынша, Бекжан базарының басшылығы саудагерлерге қоқан-лоққы көрсетіп, өртке оранған базардан баска жаққа кетпей, тек осында сауда жасауға мәжбүрлеуде. ІІД-гілер де бұл ақпаратты қуаттап отыр.
Тәртіп сақшыларына Қырғызстан азаматтарынан 126 арыз келіп түскен. Олардың айтуынша, базар әкімшілігі бір азаматты соққыға жығыпты. Шынында да көрші елден келген саудагерлердің «Бекжан» базарында сауда жасауға құлқы жоғы аңғарылды.
Өрт құшқан көтерме сауда орнында 7-8 мың саудагер материалдық шығынға батқаны белгілі. Ал мына даудың төрелігін құзырлы құқық қорғаушылар беріп, әділдігін анықтар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AcJZY9BdwtY[/youtube]