Есірткі тасымалдамақ болған жүкті келіншек ұсталды

377

Аяғы ауыр әйел облыс орталығына 20 келі көкнәр әкелмек болған. Осындай жолмен ол босанар алдында өзінің материалдық жағдайын жасап алмақ болса керек. Есірткі бизнесіне полицейлер дер кезінде тоқсауыл қойды. 

Полиция қызметкерлері Жамбыл облысынан келе жатқан «Мерседес» көлігін Манкетте тоқтатты. Тәртіп сақшылары автокөліктегі жүк туралы шұғыл ақпаратпен құлақтандырылған еді. Салонда жүргізушіден бөлек үш жолаушы бар. Ал көліктің жүк салғышында көлемді сөмке жатыр. Жүргізуші сөмкенің Сайрам ауданының 25 жастағы тұрғынына тиесілі екендігін айтты.

Енді ірі көлемдегі есірткі затын сақтап және тасымалдағаны үшін күдікті азаматша заң алдында жауап беретін болады. Қазір ол жүктіліктің 7-ші айында. Аяғы ауыр әйелді осы мақсатқа пайдаланғандар оған полиция қызметкерлері назар аудармайды деген болса керек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IWRty20ZiZU[/youtube]