«Оңтүстік Рабат» газетінің ертең жаңа, №37 нөмірі жарық көреді. Басылмнан бас алмай оқитындар үшін айтар жаңалық көп. Ең бастысы бұл жолы газет өзінің жаңа жобасын жария етіп отыр. Ол «Ұлттық тағамдардың пайдасы» деп аталады. Осы айдар аясында нөмір сайын оқырманға қазы мен қартаның, қымыз бен шұбаттың, құрт пен айранның қаншалықты пайдалы екендігін баяндайтын боламыз. Ұлттық тағамдарымыздың құрамындағы дәрумендер және қандай ауру түрлеріне ем болатындығы да осы айдар аясында айтылмақ. Олай болса, «Ұлттық тағамдардың пайдасы» айдарын оқыңыз.
Сонымен бірге:
1. Ауруханадан орын таппайсың не
месе порталдың проблемасы;
2. Аукцион арқылы сатылатын жер телімдерінің тізімі;
3. Оқулық неге жетпей жатыр? Оқулық алуға ақша бөлмеген аудандар бар;
4. Баласы қылмыс жасаған ата-ана қандай жауапкершілікке тартылады?
5. Шахматтың көсегесі көгереді. Жерлесіміз Жансаяға Президент не деді?;
6. Асқаровты кімдер сатты? Ол туралы көмекшісі не дейді?
7. Әуес іс. Театр әртісі 116 күнделік жазған;
8. Мархабат Байғұттың Ұласбек Сәдібековке жазған ашық хаты;
9. Сарыағаш перзентханаға жарымай отыр;
10. Оқушылар неге бірін-бірі өлтіріп жатыр?
Осы тақырыптарды да оқи аласыздар.