Мардан Сапарбаев атындағы ОҚГИ-да «Білім күні» атап өтілді. Ел болашағы жастарға баса назар аударатын оқу орнының басшылығы студент атанған кешегі мектеп түлектеріне тағылымы мол шаралар ұйымдастырып берді. Сонымен қатар жетім студенттер мен спортта жетістікке жеткендерге институттың білім гранттары табысталды.
Мардан Сапарбаев атындағы ОҚГИ оқу жылын білім гранттарын тапсырудан бастады. Мұнда жыл сайын ондаған жастарға оқуға жеңілдік қарастырылады. Биыл да оқу орны бұл дәстүрден танбады. Бұл мақсатқа институт қаржысынан 3 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Төлемақыдан жеңілдік алған студенттердің бірі — Аяулым Төленова. Ол спорт факультетінің бірінші курс студенті. Болашақта ару Олимпиада шыңын бағындырып, ел мәртебесін, білім нәрімен сусындағалы тұрған оқу орнының атын биіктен көрсетуді мақсат етеді.
Бірінші курс студенттеріне аналған білім күні ерекше етті. «Менің мемлекеттік рәміздерім — менің мақтанышым» атты шарада еліміздің 20 жылдағы жеткен жетістігі айтылып, Лондон Олимпидасында мәртебемізді көтерген спортшылар жастарға үлгі етілді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=dKaBlPU46WE[/youtube]