Саудагерлер ел заңымен санаспағаны ма?

228
Үлкен көлемдегі тауарларды кедендік рәсімдеусіз алып өтпек болған
Үлкен көлемдегі тауарларды кедендік рәсімдеусіз алып өтпек болған

Саудагерлер ел заңымен санаспайды. Кедендік салығы төленбеген, тіпті, декларацияланбаған тауарларды алып өтпекші болғандар құрықталды. Оларды кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері қолға түсірді. 

Жуырда кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері екі бірдей саудагерді қолға түсірді. Олар үлкен көлемдегі тауарларды кедендік рәсімдеусіз алып өтпек болған. Оның біріншісі елтірісі бағалы тондар мен күртешелерді байқатпай қапқа басып, кеденді төтесінен кеспек болыпты. Бірақ қырағылық танытқан қызметкерлер тауардың ірі партиясын тәркілеп, қылмыстық іс қозғады.

Ал келесі бір саудагер зергерлік бұйымдардың ірі партиясын алып өтпек болған. Кеденшілер оны тексере келе, бағалы алтын әшекейлер екенін анықтаған. Қазір тәркіленген тауарлар арнайы сараптама жөнелтіліпті.

Қазір ұсталған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, тиісті жазаға тартылатын болады.