Шымкентте республикалық айтыс басталды

550
Айсәуле Бейсенхан мен Нұрлан Есенқұловтың кездесу айтысы көпке ой салды
Айсәуле Бейсенхан мен Нұрлан Есенқұловтың кездесу айтысы көпке ой салды

Шымкентте республикалық айтыс басталды! Қаламыздағы Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында бүгін аламан жыр додасының 1-бөлімі өтті. Басты тақырыбы, әрине, Оңтүстік өңірінің 80 жылдық торқалы тойы. Өнер сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен азулы ақындар жиналып отыр. Ал біздің облыстың намысын 9 бірдей ақын қорғауда. Астарлы жыр жолдарымен ақиқатты жеткізген ақындардың тапқырлығы жиналған көпшілікті тәнті етті. От ауызды, орақ тілді ақындар Оңтүстіктің мерейін ұтымды жыр жолдарымен жеткізуде тапқырлық танытты. Өткенімен бүгінін толығымен тарқатып, Оңтүстіктің Ордалы меекен екенін де айтуды парыз санады.

Сахна төріне алғашқы болып жерлесіміз Біржан Байтуов пен павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаев шықты. Шежірелі өлкенің 80 жылдық мерейтойын жырларына арқау еткен ақындар еліміздегі саяси ахуалдың сарсаңын айналып өтпеді. Соңғы кездері орын алған келеңсіз оқиғалар – діни араздықты да арнайы жыр жолдарымен айтып өтті. Кездесуде ұпай санымен Біржан Байтуов басым түсті бұл күні.

Біржан Байтуов, ақын: “Оңтүстіктің 80 жылдық мерейтойын айтыссыз өткізу мүмкін емес еді деп есептеймін. Өңір атына сын ғой бұл. Сондықтан Республикалық жыр додасының өткізіліп отырғаны өте орынды. “Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік” атты жыр-айтыстың өтуі – өлке үшін абыройлы мереке! Әрине, қай кезде де сөз бастау қиын. Бүгін бірінші жұп болып шықтық Аспанбек екеуміз. Қатты қобалжып, тебіренгенімді жасырмаймын. Сахнаға шыққан бойда қобалжып отырдым, бірақ айтыстың ортасына келгенде бойымды тік ұстап, қалыпқа келіп, өз-өзімді жинап алдым. Сондай-ақ мен сахнаға алғашқы жұп болып шыққандықтан болар, дәл өзімнің ойлағанымды жеткізе алмадым, барымды ақтара алмадым, дәл өзім ойлағандай айтыс жасай алмадым. Өз ойымды сахна төрінде жеткізе алмадым деп ойлаймын. Ал жалпы қазылар алқасы сөз қадірін түсінетін аптал азаматтар. Әселхан, Әсия апаларымыз Байдулла ағаларымыз. Сол себепті мен бұл айтыстың әділ өтетініне сенемін. Шын жүйрік бас бәйгені алатынына күмәнім жоқ”.

Айта өтейік, ақындар айтысы 3 кезеңнен өтеді: бірінші кезеңде барлық ақындар “Сүре” айтыс түрінен айтысады. Бұл айтаста ақындар ұзақ сөйлеп, жыр төгіп, көсіле жырлап, бос сөзге бара бермей, тапберме қалжыңмен айтысады. Екінші кезеңде бірінші кезеңнен өткен ақындар “Қайым” айтас түрінен сайысқа түседі. Қайым айтыста қыз бен жігіт жұптастырылып, айтысты бір шумақ өлеңмен, астарлы сөздермен айтысады. Үшінші кезеңде ақытық сынға өткен ақындар “Түре” айтыс түрінен сайысқа түседі. Бұл айтыс түрінде ақындар бір-бір ауыз өлеңмен қысқа, шапшаң жауаптаса отырып, тапқыр қалжыңдармен сөз сайыстырады. Айта өтейік, айтасқа қатысқан ақындар жасы 16-дан жоғары болуы керек деген шарт қойылған болатын. Сонымен қоса, жыр бәсекесіне еліміздің ең таңдаулы 22 ақыны қатысып отыр.Жұптарға тоқталар болсақ, Біржан Байтуов (Оңтүстік Қазақстан облысы) пен Аспанбек Шұғатаев (Павлодар облысы), Айсәуле Бейсенхан (Алматы қаласы) және Нұрлан Есенқұлов (Оңтүстік Қазақстан облысы), Нұрболат Нұғманов (Атырау облысы) пен Серік Жұмаділ (Оңтүстік қазақстан облысы), Бекарыс Шойбеков (Оңтүстік Қазақстан облысы) пен Әсем Ережеқызы (Шығыс Қазақстан облысы), Салтанат Өтелбаева (Қостанай облысы) мен Айтбай Жұмағұлов (Қарағанды облысы), Эльдар Ихсанов (Батыс Қазақстан облысы) пен Жақсылық Орынбасар (Ақмола облысы), Тұрар Тілеулиев (Оңтүстік қазақстан облысы) пен Ержеңіс Әбдиев (Қызылорда облысы), Жарқынбек Наушабеков (Оңтүстік Қазақстан облысы) пен Балғынбек Имашев (Астана қаласы), Мұхит Құрманбеков (Оңтүстік қазақстан облысы) пен Ахметжан Өзбеков (Жамбыл облысы), Кәрима Оралова (Оңтүстік қазақстан облысы) мен Жандарбек Бұлғақов, Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы) мен Асхат Садықбеков (Оңтүстік қазақстан облысы). “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” танылғандар ертең тағы бәсекеге шығады. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын өнерсүйер кімнің жеңіске жетерін топшылауда.

Жүрсін Ерман Оңтүстіктің ақындарынан үлкен үміт күтетінін айтады

Жүрсін Ерман, айтыс жүргізушісі: “Мен көрген жерде айтатын қанатты сөзім бар. Шымкент қандай болса – Қазақстан сондай деп. Міне, Оңтүстік өңіріне ат басын бұрған сайын халқының жылы жүзін, мейірбандығын, қонақжайлылығын көріп бір марқайып қалатыным бар. Бүгін тек Оңтүстікке ғана емес, Қазақстанға үлкен той дер едім. Себебі, Оңтүстік – еліміздің айнасы екені жасырын емес. Жалпы бұл айтыстың мақсаты – Оңтүстік өлкесінің тарихын-бүгінін – шежіресін жыр жолдарын әсемдеп-көркем тілмен жеткізу. Ақындар Оңтүстікке қандай арнау жазса да жарасып тұр емес пе?! Бұған қоса, өзге өңірлердің таңдаулы ақындары қатысқалы отыр. Осыған қарап-ақ айтыс өте тартысты өтеді деп айта аламын. Бекарыс бастаған ақындар тобы көпшілікке тамаша айтыс тарту етеді деген сенімдемін. Алайда, астан,алық ақындар да осал емес. Өздеріңізге белгілі, Оңтүстік 2 аптадан бері дайындығын пысықтап, ақындар арасында іріктеу жүргізіп тек жас ақындарын додаға қосып отыр. Үмыт, менің арманым осы жас ақындардың ішінде 2-3-уі болса да топ жарғанын қалаймын. Сонда біздің де арманымыз орындалар еді. Ал жүлде қоры, бас жүлдеге 1,5 миллион теңге қаржыны ұсынбақ. 1-орынға 1 миллион! Сондықтан ақындардың аянып қалмасы анық”.

Мақсат Белдехан, көрермен: “Менің ойымша айтыс өте қызықты өрбуде. Біржан Байтуовтың айтқан жырлары өте ұтымды және сәтті щшығуда. Көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелерді де айтып, үлкен құрмет-қошеметке ие болып отыр. Соныдықтан, мен Біржанның Аспанбектен жоғары ұпайға ие болағына таң қалып отырған жоқпын. Халық көріп отыр, өздері куә. Сондықтан тартысты айтыстың әділ өтетініне күмәнім болып отырған жоқ”.

Суырыпсалма ақындар сайысының нәтижесі бейсенбі күні белгілі болмақ. Айтпақшы, бас жүлдеге 1 жарым миллион теңге тігілген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qDG__atkfuA[/youtube]