Беріліп отырған суреттерге қарап, «Бұл қай қала? Қай көше?!» деп таңқалмаңыз. Бұл-елімізде үшінші қала мәртебесін алуға жанталасып жатқан Шымкент шаһары. «Қала халқын қайтсем миллионға жеткіземін» деп жергілікті билікте күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ. Сондықтан ол азаматтарда мұндай «ұсақ-түйек» қателікке бас қатыруға уақыт жоқ. Түсіністікпен қарауға тырысыңыз.
Алайда, біздің шаһарға қыдырып келе қалсаңыз адасып кетпегейсіз…бізде бір көшенің бірнеше аты бар. Соған ұяласың да, е…. Әсіресе, белгілі дәрігер, облысымызда барокамерамен емдеу ісін алғашқылардың бірі болып қалыптастырған Тұрмахан Орынбаев ағамыздың есімін иеленген көшеге со-о-о-она-а-а-у-у—у, Астанада отырған, жоғары лауазымды қызметтегі ұлы қыдырып кеп қалып, әкесінің есімін иеленген көшені көріп қалып, «ұят» боп қала ма деп ойлайсың да, е, кейде, пенде болған соң.
Айтарымыз, Шымкенттің көшелерінен адысып кетпеңіз…адамдардан сұрастырып жүресіз ғой, неғылса…Бірақ, қайдам-ау, қайдам….Қай күні, орыстілді журналист, әріптесім, Елена Бояршинова Асанбай Асқаров көшесінің тұрғындарынан, сол көшеден жүріп, өтіп жатқан жұртшылықтан «Асанбай Асқаровты білесіз бе? Ол кім болған?» деп сауалнама жүргізіпті…
Бетім-ай, бетім…келіп айтады: «көбі танымайды екен. Ол кім еді?»- деп өзіме қарсы сұрақ қойды»,- дейді. Ұятын-ай, ұят!
Бірақ, көше аттарын бірізділікке сала алмай жатқанда, қателерін жөндей алмай жатқанда, Қарауылбек Қазиевті «Қазиева», «Санжар Жандосовты» «С. Жандосова» деп жазып жатқанда…тұрғындарға не деп қапа боламыз?!