Жасөспірімді атып кеткен күдікті қолға түсті

321
Салтанат Қаракөзова

Шымкенттегі көлік және жаңа технологиялар колледжі маңындағы болған қылмыс ашыла бастады. Онда үш жасөспірімді Мерседес көлігін мінген белгісіз біреулер шолақ мылтықпен атып кеткен болатын. Салдарынан 1994, 1995 жылғы жеткіншек дене жарақатын алып, 1996 жылғы бала жан тәсілім еткен еді. Қазір осы қылмысқа қатысы бар бір күдікті ұсталып, қалған екеуіне іздеу жарияланды.

Ал қаладағы №15 мектеп маңында болған оқиғаға қатысты күдікті анықталып, іздеу жарияланған. Бірақ бұл іске қатысты арызданушы жоқ дейді ІІД-нің өкілі. Еске салсақ, мұнда да өткен жұмада жасөспірімдер атысқан болатын. Айта кетейік, жыл басынан бергі сегіз айда түрлі текетірестен 6 жеткіншек қаза тапқан. Ал бірінші қыркүйектен бері 3 жасөспірім жан тәсілім еткен.