Жер үшін ағайынын жер жастандырған азамат 22 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында туысқандар суармалы жердің бөлісе алмай, өзара дауласып, нәтижесінде 1967 жылғы тұрғын туған ағасы мен оның баласын мылтықпен атып өлтірген болатын. Сондай-ақ, ағайынының қызы мен тағы бір ұлын өлтіруге әрекеттенген еді.
Сот осы мән-жайдың бәрін ескере отырып, айыпталушыға 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.