ОҚО прокуратурасының баспасөз хатшысы Шағала Момынханқызы туралы өткен шақта айту оңай емес. Бүгін таңертең жеткен суыт хабарға журналистер қауымы көпке дейін сенгіміз келмеген. Бірақ, амал не…
Тілішер қауымымен етене жұмыс жасайтын Шағала прокуратура саласы мен халықтың арасындағы алтын көпір еді. Кез-келген меселеге қатысты мән-жайды түсіндіріп, дұрыс ақпарат беруде алдына жан салмайтын, елгезек, ақкөңіл, өз ісіне жауапты азаматтың көлік апатынан қайтыс болуы қабырғамызды қайысытып отыр.
Шағала Момынханқызы,1қаңтар1981жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қарағұр ауылында туған. Әкесі Момынхан мен анасы Алданыштың 5 ұлдың ортасында мәпелеп өсірген жалғыз қызы еді. Назаровтар әулетінің гүлі болатын. Шағала ақкөңілді, ақжарқын, ешкімді де өзіне жат санамайтындығымен есімізде қалмақ.
1998-2002 жылдары Алматыдағы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің прокурорлық–тергеу факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша оқып, заңгер мамандығын алды.
26.08.2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бұйрығымен Ш.Момынханқызы Шымкент қалалық прокуратурасының азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры қызметіне, 01.04.2004 жылдан бастап Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі қызметіне тағайындалды.
10.10.2005 жылдан бастап Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі қызметін атқарды.
15.10.2009 жылдан бастап облыстық прокуратураның сотта прокурорлардың қатысуын қамтамасыз ету және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры қызметін атқардым.
19.01.2010 жылдан облыстық прокуратураның сотта прокурорлардың қатысуын қамтамасыз ету және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.
2010 жылы қараша айынан бастап облыс прокурорының аға көмекшісі( мемлекеттік тілді дамыту және БАҚ-мен байланыс жасау бойынша) баспасөз хатшысы болып қызметін атқарып келе жатқан.
Күйеуі Керім екеуі1қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасы еді.
Амал не, Созақ ауданына іс-сапармен барып, қайтар жолда көлік апатына ұшыраған әріптесіміз, қимас досымыз Шағаланың жарқын даусын енді ести алмау, оның бұл дүниеде жоқтығын сезіну соншалықты ауыр.
Туған еліне қызмет бабымен барып, мәңгіге сонда қалып қоюды жазған ба дерсің маңлайына! Өкініш өзекті өртейді. Қолдан келер шара жоқ. Шағала десе шағаладай ақкөңілді, ақ еділ пейілді, періштеміз-ай!
Жасамаған жасын ұл-қызына берсін деп қана тілейміз Алладан.
Ата-анасы мен бауырларына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.
Otyrar.KZ редакциясы, «Отырар-TV» телеарнасы мен «Оңтүстік Рабат», «РАБАТ» газеттерінің ұжымы.
Шағаланың жаназасы, ертең, қыркүйектің15-і күні Шымкент қаласы «Нұрсат» шағынауданындағы өз үйінде өтетінін хабарлаймыз.