Қазақстан гимнасшыларын ресейлік маман жаттықтыруда

237
Инна Быстрова қазақстандық гимнасшыларды тәрбиелеуде
Инна Быстрова қазақстандық гимнасшыларды тәрбиелеуде

Инна Быстрова Санк Петербордан облысымызға арнайы шақыру бойынша келген. Олимпиадаға шәкірт дайындай білген ресейлік маман бүгінде қазақстандық гимнасшылардың шеберлігін арттыруда. Бұл күндері ұлттық құраманың оқу жаттығу жиыны Шым қалада өтуде.

Инна Быстрова, ресейлік маман: «Жаттығулары жақсы. Қазір жаңа бағдарламамен жұмыс жасап отырмыз. Ресей мен Қазақстан арасында барлық уақытта гимнастика бойынша достық қарым-қатынас болатын. Сол себепті осында келіп, оқу жаттығу жиынында ат салысып жүрмін. »

Лондон Олимпиадасынан кейін көркем гимнастиканың топтық жаттығуларында бірқатар өзгерістер енгізілген. Бүгінгі дайындық та осы бағытта жүргізілуде. Алдымен спортшыларды емес, бапкерлермен жұмыс жүргізу қажет дейді отандық мамандар. Өйткені, кейбір бапкерлердің өздері жаңалықпен таныс бола қоймапты. Ол дегеніміз шәкірт дайындау қиындай түседі.

Десек те жаттығулар жалғасуда. Оның үстіне Әлем чемпионатына дайындалып жатқан бұл гимнасшылардың бір қатары биыл ғана құрамадан өз орнын тапқан.

Іріктеу әлі де жүргізіледі. Бұл спортшылардың бір қатары үйіне қайтарылады. Ал қалғаны Бразилияға жолдама жеңіп алу үшін тырысып бағады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VjKtficy68E[/youtube]