Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметоваға – 90 жыл

723
№ 35 жалпы орта мектеп, Мәншүк Мәметоваға - 90 жыл
№ 35 жалпы орта мектеп, Мәншүк Мәметоваға – 90 жыл

Бүгін ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырған қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туылған күні! Дәл осыдан 70 жыл бұрын өз еркімен қан майданға аттанған аруға биыл 90 жыл толып отыр. Қаламыздағы № 35 Мәншүк Мәметова атындағы мектеп атаулы датаны айрықша атап өтті. Мектеп оқушылары Мәншүк Мәметованың өмір жолынан, батылдығынан сыр шертетін көріністер ұсынды. Еске алу шара барысында үнсіздік минуты жарияланып, Мәншүк ескерткішіне тағзым гүл шоқтары қойылды. Айта өтейік,бүгінде қаламыздағы № 35 жалпы орта мектепте 1267 оқушы білім алады. 120 мұғалім жұмыс жасайды. Сондай-ақ биыл мектеп ұжымы білім ошағының 35 жылдығын да тойлауда.

Лескүл Ерімбетова, № 35 жалпы орта мектептің мұғалімі: «Біздің мектепте қандай іс шара өтсе де біз әрдайым батыр апамыз Мәншүктің есімімен бастап, міндетті түрде үнсіздік минутын жариялаймыз. Сондай-ақ міндетті түрде арнайы ашық сабақтар өтіп, апамыздың жасаған ерліктерін жіті талдап, оқушыларға айтып отырамыз. Айта өтетін маңызды жәйт – біздің мектепте қандай шара-басқосу өтсе де «Мәншүктің ерлігі» қойылымымн оқушылар ұсынуды ұмытпайды. Осыған қарап-ақ мен айтар едім, біздің мектеп оқушылары Мәншүктей патриот болуды парыз санайды деп. Біз де әрбір өткен сабақтарымызда мұны құлақтарына құйып отырамыз».

Бұл күні Мәншүктің ерлігі мен батылдығын боямасыз баяндайтын қойылымдар да ұсынылды көпшілік назарына. Мектептің 9-сынып оқушысы Айзада Құралбек бұл күні Мәншүк апасының қасық қаны қалғанша жаумен күрескенін көрініс арқылы жеткізе алды. Жауқазын ғұмырдың асқақ өлімі де оқушыларға оймақта ой салды. Алайда азаттықтың алауын көруге зар болып жер жастанған арудың болмысын көрсету үшін барымша тырысп бақтым дейді Айзада. Айта өтейік, бұл атаулы кеште Мәншүктің табиғатын 2 бірдей оқушы шебер сомдады. Соның бірі – Айзада Құралбек болса, екіншісі – 6 сынып оқушысы Гүлнияз Ниязбаева.

Айзада Құралбек, № 35 жалпы орта мектептің 9-сынып оқушысы: «Әрине, біздің мектепте осындай Мәншүк апамызға арналып еске алу кеші өтіп жатыр. Мен бұл атаулы шарада Мәншүк Мәметова апамыздың рөлін содадым. Жауапты рөл екенін мойындаймын. Ең бастысы, бұл қойылым-көріністе мен Мәншүк апамыздың батырлығын, жүрегінің батырлығын жеткізе алдым деген ойдамын. Жалпы мен тырысып бақтым. Апамыз елінің қамын ойлаған, қайсарлығымен, табандылығымен, ержүректігімен жұртышылыққа үлгі-өнеге болып отыр. Сондықтан мен де елім үшін аянбай еңбек еткім келеді. Сондай-ақ бүгінгі Мәншүктің рөлін ойнағанымды мақтан тұтамын. Бұл рөлді ойнау үшін де көп іздендім. Қаншама кітаптар оқып, апамның қандай болғанын білдім. Образға енген кезде де дәл сол табиғатты орындай алдым деген үміттемін».

Гүлнияз Ниязбаева, № 35 жалпы орта мектептің 6-сынып оқушысы: «Мен Мәншүк апамызды мақтан тұтамын. Бізге осындай бейбітішіктің туын ұстатқан. Мен Мәншүк апамызға ұқсағым келеді. Елімнің болашағы үшін бар жігерімді жұмсаймын болашақта. Сабағымды жақсы оқып, Қазақстанның гүлденуіне өзімнің үлесімді қосқым келеді. Бұл – менің басты мақсатым. Бүгін Мәншүктің рөлін ойнап жатқанда өзімді тура Мәншүк сынды сезіндім. Қанашама оқушылардың ішінен мен Мәншүкті ойнайсың деп босқа таңдап алған жоқ шығар деп ойлаймын. Бізде ұқсастық бар деп ұстаздарымның өзі айтып жатады. Сол кезде мен елімнің болашағы үшін лайықты болуым керек деп ойлаймын».

Аталған мектепте алғашқы әскери дайындық деген пән де бар. Әрдайым Мәншүк Мәметованың ерлігі толығымен сөз болып, арнайы сабақтар өтіледі. Қан майданда қаза тапқан қазақтың қара көз батырларының да өмірбаяны, жасаған азаматтық ерліктері айтылады. Қалай болғанда мектеп оқушылары аспанға «жоқтау оқын» атып, Мәншүк Мәметованың рухына құрмет көрсетті. Патриоттық шара оқушылардың жанан да бей-жай қалдырған жоқ.

Маржан Тұрғанбекова, № 35 жалпы орта мектептің оқушысы: «Мен қатты толғанып тұрмын. Себебі, біз үшін Мәншүк апамыздың туған күні мен 90 жылдығы – айтарлықтай дата. Бүгін көңілімізге көп нәрсені түйдік. Апамыздың батырлығын тағы да еске түсіріп,баршамыз өзімізді тіктеп ұстап апамазға шексіз алғыс-құрметімізді жеткіздік. Күн сайын мектепке келгенде Мәншүк апамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюды да әдетке айналдырғанбыз. Біз мектебіміздің атына кір келтірмес үшін сабағымызды жақсы оқып, мұғалімдеріміздің үмітін ақтауға барымызша тырысып-ақ жүрміз. Сондықтан, мен Мәншүк апамды және апамыздың атындағы мектепте оқитынымды мақтан тұтамын».

Қайрат Алдияров, лейтенант, әскери жетекші: «Бүгін мектептегі маңызды шара Мәншүк апамызды еске алуға бағытталып отыр. Ол кісінің жасаған ерлігін тіпті ер адамының жасауы екіталай. Қолына пулемет алып жауға қарсы шыққанда, басына оқ тиген. Ауыр жарақатынан құлап түссе де болар еді, нәзік жанда апамыз жанының нәзіктігін білдірмей қарсы тұрған дұшпанға оқ жаудырып, жауангерлерге жол ашып берген. Міне, өшпес, өлмес ерлік! «Ешқашан ештеңе де ұмытылмайды» деген аталы сөз осындай батырлықтан туындаған. Мен оқушыларға өткен әрбір сабағымда осындай жаужүректік пен намыстылықты айтып отырамын. Бұл менің парызым ғой. Көзіме еріксіз жас келді бүгін. 90 жыл дегенің – ғасырға жуық уақыт. Ендеше, ғасыр бойы ұмытылмаған ерлік ұрпақтың да жүрегінде жасай берері сөзсіз. Бүгінде оқушылары батыр апаларының ескерткіші алдында еске алып, тағзым етуде. Ал біз әрбір өткен сабағымызда қазақтың батыр ұл-қыздарын айтудн жалықпймыз».

Небәрі 21 жасында Отаны үшін оқ кешіп, өмірден өткен Мәншүк Жиенғалиқызының өшпес ерлігіне арналған шаралар елімізде жыл бойы жалғасын табады деп күтілуде.