Мәншүк пен Әлиялар өсіп келеді

1051
Қазақтың батыр қызы М.Мәметоваға - 90 жыл
Ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырған қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 90 жыл! Осыған орай қаламыздағы №35 батырдың есімін иемеденген мектеп ұжымы бұл датаны айрықша атап өтуде.
Ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырған қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 90 жыл! Осыған орай қаламыздағы №35 батырдың есімін иемеденген мектеп ұжымы бұл датаны айрықша атап өтуде
Еске алу шара барысында үнсіздік минуты жарияланып, батыр пулеметші қыздың ерлігі еске алынды.
Еске алу шара барысында үнсіздік минуты жарияланып, батыр пулеметші қыздың ерлігі еске алынды. Мектеп оқушыларының жүзінен батыр апасына деген құрмет-ықыласы анық байқалды

 

Мектеп оқушылары Мәншүк Мәметованың өмір жолынан, батылдығынан сыр шертетін көріністер ұсынды бұл күні. Шағын қойылымда Мәншүктің өмір сүрген ортасы ашық көрініс тапқан.
Мектеп оқушылары Мәншүк Мәметованың өмір жолынан, батылдығынан сыр шертетін көріністер ұсынды бұл күні. Шағын қойылымда Мәншүктің өмір сүрген ортасы ашық көрініс тапқан

 

Айта өтейік, бұл шараға Республикалық "Қос шынар" - Әлия- Мәншүк қоры қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес те арнайы келіп қатысты. Бар көксегенім - қазақстанның қай өңірі болмасын Мәншүктің ерлігін ұмытпауы  керек дейді ол.
Айта өтейік, бұл шараға Республикалық «Қос шынар» – Әлия- Мәншүк» қоры қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес те арнайы келіп қатысты. Бар көксегенім – Қазақстанның  қай өңірі болмасын Мәншүктің ерлігін ұмытпауы керек дейді ол
Көріністе оқиға желісі Мәншүктің әкесі турасын да өрбиді. Сондықтан Мәншүк жылап, әкесінің кінәсіз екенін біліп, ешқайда күштеп әкетпеуін өтінеді.
Көріністе оқиға желісі Мәншүктің әкесі турасын да өрбиді. Сондықтан Мәншүк жылап, әкесінің кінәсіз екенін біліп, ешқайда күштеп әкетпеуін өтінеді. Заман талабы жас мәншүкті осылайша тәрбиелейді
Мектеп оқушылары Мәншүкке арналған жыр жолдарын оқып, "Мәншүк ерлігі" атты әнді шарықтата шырқады.
Мектеп оқушылары Мәншүкке арналған жыр жолдарын оқып, «Мәншүк ерлігі» атты әнді шарықтата шырқады
Бұл жас Мәншүктің соғысқа өз еркімен сұрану сәті. Бұл күні мектептің 5-сынып оқушысы Гүлнияз Ниязбаева батыр апасының рөлін сомдады. Айтуынша, бұл рөл оқушыға қиынға түскен. Алайда шәкірт болашақта Мәншүк апасы секілді елінің гүлденуіне өз үлесін қосуды армандайды.
Бұл жас Мәншүктің соғысқа өз еркімен сұрану сәті. Бұл күні мектептің 5-сынып оқушысы Гүлнияз Ниязбаева батыр апасының рөлін сомдады. Айтуынша, бұл рөл оқушыға қиынға түскен. Алайда шәкірт болашақта Мәншүк апасы секілді елінің гүлденуіне өз үлесін қосуды армандайды
Жоғарғы сынып оқушылары да бұл атаулы датадан шет қалмады. Жас ақындар Мәншүк апасына жыр жолдарын арнапты. Осыайша көпшілік алдында паш етті.
Жоғарғы сынып оқушылары да бұл атаулы датадан шет қалмады. Жас ақындар Мәншүк апасына жыр жолдарын арнапты. Осыайша көпшілік алдында паш етті
Мәншүк атындағы мектеп оқушылары бұл күні "Катюша" әніне би биледі. Құдды бір сол сұрапыл соғыс заманын көпшіліктің көз алдына елестетті.
Мәншүк атындағы мектеп оқушылары бұл күні «Катюша» әніне би биледі. Құдды бір сол сұрапыл соғыс заманын көпшіліктің көз алдына елестетті. Жаңылыспай дөңгелене билеп, патриоттық сезім сыйлады достарына
Бұл Мәншүк Мәметованың қан майданда апасына хат жазу сәтінің көрінісі. Қызыл алманы исікеп отырып, ауылының ауасы мен жерін сағынып, анасының мейірімін аңсаған арудың бейнесі баршамыздың көзімізге жас үйірді.
Бұл Мәншүк Мәметованың қан майданда апасына хат жазу сәтінің көрінісі. Қызыл алманы исікеп отырып, ауылының ауасы мен жерін сағынып, анасының мейірімін аңсаған арудың бейнесі баршамыздың көзімізге жас үйірді

 

Ал бұл көріністе үйіне сағыныш хаттан бұрын, қаралы хат жеткен-ді. Түкке түсмінбеген анасы өзінің оқыған хатының мағынасын түсінгісі келмегені анық.
Ал бұл көріністе үйіне сағыныш хаттан бұрын, қаралы хат жеткен-ді. Түкке түсінбеген анасы өзінің оқыған хатының мағынасын түсінгісі келмегені анық. Бәрінен бұрын қоылымды шебер сомдаған шәкірттерге баршамыз тәнті болдық
Республикалық "Қос шынар" - Әлия- Мәншүк қоры қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес бұл білім ұясына Пулеметші қыздың ерлігі жазылған кітаптар жинағы мен Маншүк атындағы медальді тапсырды. Мектеп ұжымына алғысын білдірген ол, дәл қазіргі уақытта Мәншүкке көрсетілген құрметтің көңіоге қонымсыз екенін де шегелеп айтты. Мәселен, ескерткіштер мен Мәншүк турасында жазылған еңбектердің жарық көруіне қолдау аз. Бұған мемлекет емес, жергілікті әкімдер кінәлі дер едім дейді Ғалымжан Байдербес.
Республикалық «Қос шынар» – Әлия- Мәншүк қоры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес бұл білім ұясына Пулеметші қыздың ерлігі жазылған кітаптар жинағы мен Маншүк атындағы медальді тапсырды. Мектеп ұжымына алғысын білдірген ол, дәл қазіргі уақытта Мәншүкке көрсетілген құрметтің көңілге қонымсыз екенін де шегелеп айтты. Мәселен, ескерткіштер мен Мәншүк турасында жазылған еңбектердің жарық көруіне қолдау аз. Бұған мемлекет емес, жергілікті әкімдер кінәлі дер едім дейді Ғалымжан Байдербес
Қазақтың батыр қызының 90 жылдығына арналған басқосу осы ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен тәмәмдалды. Елі үшін қан кешіп, қан майданда тер төккен Батыр мәншүктің ерлігі ел есінен ұмытылмақ емес.
Қазақтың батыр қызының 90 жылдығына арналған басқосу осы ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен тәмәмдалды. Елі үшін қан кешіп, қан майданда тер төккен Батыр мәншүктің ерлігі ел есінен ұмытылмақ емес