1-қазаннан бастап тұмауға қарсы егу басталды

380
Жаппай егу жұмыстары 22-сәуірден басталды

Тұмауды- жеңуге болады. Ол үшін эпидемиологиялық маусым басталмас бұрын, тұмауға қарсы екпе алу қажет.  

 

Енді жүкті әйелдерге де тұмауға қарсы егу жасалады

Тұмауға қарсы халыққа егу жұмыстары қазан айының бірінші күнінен ресми түрде басталды. Дегенмен, №1 қалалық емханаға келіп, екпе жасап жатқандардың қатары аз. 41 мың тұрғын тіркелген емхана 3 мың дана вакцина сұратқан. Әзірге соның 112-сі ғана әкелінді, оның үстіне тек жүкті әйелдерге арналыпты. 

Жүкті әйелдерге вакцина салынады дегенді естіген қыз-келіншектердің пікірі екіге жарылды. Сандуғаш Битанова биыл екінші сәбиіне жүкті. Шаранадағы нәрестесі 4 айға жеткен келіншек иммундаудағы биылғы жаңалықты қолдамайды.

Сандуғаш Битанова: «Әншейін күндері вакина сал десе, қуана-қуана келісер едім. Бірақ жүкті кезімде дәрі-дәрмек ішіп, егу жасауға өз басым қарсымын. Өйткені, балам үшін қорқамын».

Биыл еліміз бойынша 550 млн. теңгеге вакцина сатып алынған. Егу ең алдымен ха­лық­тың әлеуметтік осал деп табылатын топтарына жүргізіледі. Ал дені сау тұрғындар вакцинаны ақылы түрде ектірсе болады. 

Жанайым Полат , дәрігер: «Вакцина имунитеті төмен, созылмалы жүрек, өкпе ауруларына, 60 жастан жоғары қарияларға, медицина қызметкерлеріне және биылдан бастап жүкті әйелрдерге сала бастадық. Әзірге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде». 

Екпеден кейін тұмауға қарсы иммунитет  қалыптасады. Сырқаттану деңгейі 10 есеге дейін төмендеп, тұмау тисе де жеңіл өтуі тиіс. Егу жұмыстары 1-желтоқсанда аяқталады деп күтілуде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uOJle-O512g[/youtube]