ОҚМПИ 75 жылдық мерейтойын атап өтті

883
ОҚМПИ-қара шаңыраққа биыл 75 жыл
ОҚМПИ-қара шаңыраққа биыл 75 жыл

75 жылдық тарихы бар педагогикалық институтты осы уақыт ішінде 55 мың педагог тамамдапты. Мерейтойға елдің түкпір-түкпірінен жиналған мына азаматтар солардың бір бөлігі ғана. Аяшев Оңалбай Талай қиындық пен қызығы мол жылдарды бастан өткерген өңірдің бірегей жоғарғы оқу орны бүгінде мемлекеттік педагогикалық институт мәртебесін қайта иемденді. Оны құптаушылар көп.

Салтанатты жиында институт ректоры жарқын болашақ үшін тер төккен ұстаздардың есімін түгел атап шықты. Өмірден өткендері де, күні бүгін бейнетінің зейнетін көріп отырғандары да бар арасында. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары институтқа жас маман болып келген Жүзбай Қырғызбаев осы салтанатты жиында облыс әкімінің грамотасын иемденді.

Білім және ғылым министрлігі бірқатар оқытушы-профессорларға «Білім беру ісінің үздігі медалі» мен Грамотасын тағайындап, табыс етті.

Шымкент педагогика институтының түлектері арасында елімізге есімі танымал ақын-жазушылар, журналист, тарихшылар да жетерлік.

Шымқалада студенттік шағын өткізіп, филология факультетінің 1969 жылғы түлегі атанғандар арасында шоқтығы биік тұлғалардың бірі ақын Исраил Сапарбай да бар.

Ұстаздардың алтын ордасы ОҚПИ-ның мерейтойына Парламент Мәжілісінің және Сенатының депутаттары, педагогикалық институттар қауымдастығының басшылығы және ғалымдар мен өзге оқу ордаларынан қонақтар көп жиналды.

Ал Білім және ғылым министрлігі бірқатар оқытушы-профессорларға «Білім беру ісінің үздігі медалі» мен Грамотасын тағайындап, табыс етті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3RI_0KkKF2o[/youtube]