Америка киносы Шымкентте

Фестивальде көрсетілетін фильмнің бірі - "Безумие в танцевальном зале"

 

Алан Бэйкер мен Илис Барбаш

АҚШ-ның елшілігі Қазақстанда кинфестиваль ұйымдастырды. Мұхиттың арғы жағындағы режиссерлер бұған дейін Астана мен Петропавлда болды. Қала тұрғындары деректі фильмдер арқылы Американың бізге беймәлім қырларын көреге мүмкіндік алды. 

Алан Бэйкер мен Мария Суони және Илис Барбаш өздерімен бірге деректі , көркем және қысқа метражды анимациялық фильмдерді ала келіпті. Американдық режиссерлер дайындап келген туындыларымен шымкенттіктерді таң қалдырмақ. Бұл Қазақстан мен Америка елдері арасындағы дипломатиялық қарым қатынасқа негізделген шара. Қонақтар дөңгелек үстел басында журналистерге қонақтар америкалықтардың қарапайым өмірінен сыр шертті.

Фестивальде көрсетілетін фильмнің бірі – «Безумие в танцевальном зале»

«Біздің мақсатымыз- адамдар арасанда америкалықтар туралы дұрыс пікір қалыптастыру. Өййткені ағылшындардың өмірі тек біз фильмдерден көретіндей ғажайып емес. Олардың да өзгелер секілді проблемалары бар»,- дейді киноөнер мектебінің өкілі, режиссер Алан Бэйкер.

Қазақстанға алғаш шет ел асып келген режиссерлер шымқаланы аралап үлгермепті. ОТбасылық қарым қатынас пен қалалық жастардың өмірі, кейіпкерлердің тағдыры суреттелген фильмді Илиса Барбаш үш жыл бойы түсіріпті.

Фестивальға 6 туынды ұсынып отыр. Би әлеміне деген құштарлық, қарапайым оқиғалардан тұратын өмірлік сабақ боларлықтай дүниелер қаламыздағы кинозалдарда сағат 14.00- ден бастап 20.00- аралығында көрсетеледі. Кіру тегін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5IL8PX-FfRA[/youtube]