Ардагерлер әкімге «Құрмет» төсбелгісін тақты

381
Әкімге алғыс айтылып, құрмет көрсетілді

Қызылорда, Жамбыл, Алматы қаласы және Алматы облысынан келген ардагерлердің 4 төрағасын облыс әкімі Асқар Мырзахметов қабылдады. Оңтүстіктегі оңды істерге куә болған қариялар бірінші басшыға алғысын білдіріп, ардагерлер ұйымының құрылғанына 25 жыл мерейтойына орай облыс басшысына «Құрмет белгісі» төсбелгісін тақты.

Әкімге алғыс айтылып, құрмет көрсетілді

Мұндай медальді Асқар Исабекұлына дейін әкімдердің ішінде Иманғали Тасмағанбетов алған болатын. «Сыйға сый, сыраға бал». Ортақ кездесуде қазыналы қарттар да тиісті ықыластан кенде қалған жоқ. Оларға облыстың 80 жылдығына арналған ескерткіш естелік пен өлке тарихы жазылған кітаптар тарту етілді.

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Аға буын мен қазіргі ұрпақ арасындағы байланыс үзіліп қалмау үшін  жұмыс жасап жатырмыз. Ардагерге құрмет көрсету біздің міндетіміз. Сол себепті де келер жылы «Ардагерлер үйінің» ғимаратын саламыз деп жоспарлап отырмыз. Оның алдына ескерткіш орнатпақпыз».