«Астанаға» 500 түп арша егілді

455
"Астана" даңғылы 2,7 шақырымды құрайды
«Астана» даңғылының ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды

Құрбан Айт мерекесімен бірге Шымкенттіктер 3 қарашада тойланатын қала күнін тойлауды бастап жіберді. Қазанның 27-і күні қалада таяуда ашылған «Астана» даңғылының бойына мыңға жуық мемлекеттік қызметкерлер жасыл желек отырғызып, сауапты іс жасады.

Шымкентте атаулы мерекелер бастала қалса болғаны, айналаны көгалдандырып, жасыл желек отырғызу дәстүрін мықтап үйреніп алдық. Бәрекелді. Бүгінгі ұйымдасудың түп-төркіні де шырайлы шаһарымыздың туған күніне арналды. Елордамен аттас даңғылға жасыл арша егуді бастап берген де шаһар басшысы Қайрат Құсейінұлы Молдасейітов. «Астана» даңғылының бойы болашақта әкімшілік іскерлік орталыққа айналатындықтан, бұл мекенді көріктендіруді қолға алуымыз деп деп топшылайды қала мэрі.

Жаңа даңғылдың жайнауы үшін сауапты іске тартылған мыңға жуық азаматтың 500-і білім қызметкерлері. Ал ұзындығы 2,7 шақырымды алатын Астана даңғылына 500 түп желек отырғызылу жоспарланыпты.

«Бір тал кессең, он тал ек». Осы ұстанымды қаламыздың белсенді жастары да қолдай келген. Сүйікті Шаһарының күн сайын көркейіп келе жатқанына қуанатын олар, Шымкентті еліміздегі үшінші қалаға айналдыру үшін барды аямаймыз деп ағынан жарылады. Спорттағы сайыпқырандар мен толағайлар да ортақ тойға атсалысуда шеттеп қала алмады. Елордамен аттас даңғыл жолдың сәніне осы өскіндер өң беріп, Астана нағыз астана боларына сенеміз десті олар.

Мерекелік шараны ұйымдастырушы қалалық әкімдіктегілердің сөзінше, жасыл желекпен әзірге осы даңғыл ғана қамтылуда. 3 қараша — қала күніне дейін болатын бірнеше мерекелік бағдарламада мұнан өзге де шаралар қамтылмақ екен.