«Изумиге» 1 жыл

388
Изуми сауда желісіне 13 жыл толды
Изуми сауда дүкеніне 1 жыл толды

«Нұрсәт» шағынауданындағы «Изуми» сауда орталығының ашылғанына – 1 жыл.  Сәнді әрі аса жоғары талғаммен киінетіндер жақында «Нұрсәттегі» «Изуми» дүкенінде бас қосты. Оған себеп – аталмыш дүкеннің ашылғанына 1 жыл толып отыр.

«Нұрсәт» шағынауданындағы «Изуми» сауда орталығының ашылғанына – 1 жыл. Бұл салтанатқа Изумидің тұрақты сатып алушылары арнайы шақырылды. Олар бір жасқа толған сәбидің тұсауын кесті. Сөйтіп Изумидің жаңа дүкенінің де тұсауы кесілді.

Өмірәлі Ералиев, «ИЗУМИ» СЖ-нің жетекшісі: «1 жыл деген аз да көп те уақыт біздің сауда жүйесі үшін. Бір жылдың ішінде алға қарай ауқымды қадам жасай білдік, өз тұрақты сатып алушыларымыздың көптігіне көз жеткіздік. Сән әлемінің түрлі бағытында жұмыс жасауды алдағы уақыттарда да жалғастыра беретін боламыз».

Бұл күні дүкеннің табалдырығын аттағандар сыйлықсыз қалған жоқ. Арнайы әзірленген концерттік бағдарламалар мен түрлі қызықты ойындар келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Талғампаз сатып алушылар «Изумидегі» қызмет көрсетудің өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Ақнұр Тілеужанова, тұрақты сатып алушы: «Менің отбасым түгелімен осы дүкеннен киінеді. Барлығы да сәнді әлемдік брендтердің киімі. Біздің көңілімізден шығады. Сондықтан да маусым сайын «Изумиден» киінеміз. Тұсаукесер той құтты болсын дейміз».

«Изумидің» алғашқы туылған күнін тойлау от шашумен аяқталды. Мұнымен қоса сәнді брендтер дүкені әйелдер мен ерлерге арналған жаңа маусымдық аяқ киім мен киім, аксесуарлардың жаңа топтамасын ұсынды. Өзіндік киім кию талғамы бар жандар үшін кең таңдау, мықты сапа, бағаның қолжетімділігі… Мұның бәрін «Нұрсәттегі «Изуми» дүкенінен таба аласыз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mppYLzqfC24[/youtube]