Мирастықтар алаяққа жем болып отыр

332
"Ауызсу кіргіземін деп алдады" дейді тұрғындар

 

«Ауызсу кіргіземін деп алдады» дейді тұрғындар

Мирас шағынауданының тұрғындары әділдік іздеп «Су ресурстары маркетингі» ЖШС-не келді. Үйді үйге су кіргізіп беремін деген мердігерге 12 млн теңге жинап берген олар жұмыстың нәтижесін көрмей отыр. Мамыр айында басталған жұмыс әлі бітпеген. 

Бүтін бір ауылдың тұрғындары суды осылайша күнде тасып ішуге мәжбүр. Ауызсу құдықтан алынады. Ал оның сапасы өзге мәселе.

Ашынған тұрғындарды түсінуге болады. Мамыр айында әкімшіліктің табалдырығын тоздырмай-ақ, үйлеріне су кіргізуге маман жалдаған болатын. Мердігер жиналған 12 млн теңгені алғанымен, су құбырын жүргізе алмаған.

Тұрғын: «Біз әр үйден 120 мың теңгеден жинаған болатынбыз. Қараңыздаршы, мұндай байлар тұрмайды. Барлығымыз күнімізді әрең көріп жүргендерміз. Бізге ол үлкен сомма. Бірақ, балаларымыз қыста даладан су тасымасыншы деп тиындап жинап бердік. Ал мердігер, алоды да бетімізге бір түкіріп кете барды. Не деген сұмдық?! Сонда барлық жұмысқа 12 млон теңге жетпегені ме? Бізде ақшаны алды деген чек те бар».

Шындықты іздеп шырылдаған жергілікті тұрғындар «Су ресурстары маркетинг» мекемесіне барған болатын.

Құттыбай Асырауов,»Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нің бас инженері: «Ол тұрғындардың мәселесімен таныстым. Оларға су жүргізу үшін құбырдың жарамдылығын сынап көру керек».

Кәсіпорынның бас инженері мердігердің қалған жұмысты өз ақшасына аяқтауын талап етті. Бірақ, су кіргіземін деген мердігер бұдан бас тартып отыр.

Тұрғындар мұндай бассыздыққа көнбейді. Енді олар қаржы полициясы мен прокуратураға арыз жазбақ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mxIT-Fa2L7E[/youtube]