Оңтүстік бақша дақылдарын өсіруде рекорд жасады

882
Бақша өнімдері экспортталып жатыр
Бақша өнімдері экспортталып жатыр

Бақша дақылын өсіру – Қазақстанның өзге өңірлеріне қарағанда Оңтүстікке тән. Бұған жайлы климат пен жердің құнарлығы да септігін тигізеді. Содан болар, еліміздің халқы тұтыну үшін 400 мың тоннаға жуық бақша дақылдары қажет болса, біздің облыс сол өнімдерді 2,5 есеге артық өсіріпті. Облыс әкімінің орынбасары Берік Оспанов осындай жақсы жетістіктермен бөліскен болатын.

Сайрам ауданына қарасты «Жасыл аймақ» шаруақожалығы жұмысын былтыр көктемде бастаған. Үкіметтің қолдауымен аяғына нық тұрып, бүгінде 30 гектар жерді иегеріп отыр. Оның 28 гектарына алма ағаштары отырғызылса, бір гектарына жылыжай орналастырылған. Ал қалғанынан болгар бұрышы егіліпті.

Бақытқан Жүнісов, «Жасыл аймақ» шаруақожалығының иесі: «Көшет егіп, осындай табысқа жетемін деп ойламаппын. Еңбек етемін десең, мемлекетте қолдан келген көмегін аямайды. Елбасының салиқалы саясатына алғыс айтамын. Енді осы қожалығымды үлкейтіп, бақша өнімдерін көптеп отырғызсам деген жоспарым бар».

Биыл көктемде дәл осы болгар көшетінің 500 мың данасын өсіріп, соның 400 мың данасын саттық дейді дихан. Ал қалған 100

болгар бұрышы

мыңын өздері өсіріп, Оңтүстіктің ғана емес, елдің сұранысын қамтамасыз етіп отыр. Айта кетейік, биылғы бақша өнімі 21 центнерге артқан. Нәтижесінде бұрын-соңды болмаған 1 миллион 10 мың тоннаның өнімі жиналыпты.

Берік Оспанов, ОҚО әкімінің орынбасары: «Биылғы ауа райының шаруаларға жайсыздығына қарамастан баұша дақылы өткен жылдан 16,3 мың га артық егіліп, 54,3 мың га орналастырылып, өнімділік гектарына 21 центнерге артқан. Мақтарал ауданы 21,7 мың га жерге баұша егіп, әр гектардан 220 центнерден 477,3 мың тонна, Шардара 12 мың га, 168 центнерден 201 мың тонна, Сарыағаш 4,0 мың га, 213 центнерден 85,0 мың тонна, Түркістан қаласы 5,8 мың га, 197 центнерден 114,0 мың тонна, Ордабасы 2,2 мың га, 258 центнерден 56,8 мың тонна өнім өндірді».

Оңтүстіктің дихандары тұрғындардың қажеттілігінен артылған өнімді еліміздің солтүстік облыстарымен бірге, Ресейге, Еуропа елдеріне жіберуде. Кедендік одақтың жұмысының арқасында бақша өнімдерін экспорттау 10 есеге артқан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ljdkIcNleJQ[/youtube]