Шымкентте халықаралық туристік жәрмеңке өтті

505
"Ұлы Жібек Жолы" халықаралық жәрмеңкесі 2 күн өтті

 

 

«Ұлы Жібек Жолы» халықаралық жәрмеңкесі 2 күн өтті

Еліміздегі ішкі және сыртқы туризмді дамытуда алдымен өзге елдермен байланысты нығайтудың маңызы мол. Бүгін Шымкентте «Жаңа Ұлы Жібек жолы» халықаралық туристік жәрмеңкесі өтті. Мұндағы мақсат – өлкеміздің тарихи және табиғаты көркем жерлерді насихаттау, ішкі және сырты туризмді дамыту. Жәрмеңке жұмысы 2 күнге жалғасты.

Оңтүстік өңірі – Ұлы Жібек жолының негізгі орталықтары орналасқан өлке. Саяхаттаушылар ең алдымен аты әлемге әйгілі Отырардағы Арыстанбаб, Түркiстандағы Қожа-Ахмет Иассауи, Бәйдiбек ауданындағы Бәйдiбек баба, Домалақ ана мұражай-кесенелерін еске алары анық. Орта Азиядағы ең үлкен қорық саналатын «Ақсу-Жабағылы», 149 мың гектар аумақты алып жатқан Сайрам-Өгем ұлттық саябағы сияқты республикалық маңызға ие табиғи аймақтар да осы Оңтүстікте. Дей тұрғанмен өңірдегі туризмнің жағдайы мәз емес. Сондықтан, осы саланы дамыту мақсатында аталмыш жәрмеңке ұйымдастырылып отыр.

Гауһарбек ағаның өнері тамсанарлық. Музыка маманы қолөнермен әскердегі кезінен шұғылдана бастаған

Жәрмеңкеде Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей секілді ірі елдерінен бөлек облысымыздың түкпір-түкпірінен қолөнершілер өз еңбектерін ала келіпті.

Солардың бірі Гауһарбек Күнходжаев та Оңтүстіктің 80 жылдығына өз тартуын ұсынып отыр. Қасиетті көк түйе -қолөнершінің философиялық ойға толы көріністері бейнеленген домбыраның қондырғысы. Мұнда Күлтегін батырдың көкбөрінің бауырында өскен шағы, тарихи Отырардың күйреуі, Яссауи кесенесі әспеттелген. Осы еңбегіне 1,5 жылын сарп еткен шебер ой-толғауларын өлеңмен өріпті. Ал жасаған бұйымын өнерді бағалайтындар 25 мың долларға сатып алыпты.

Гаухарбек Күнходжаев, колөнер шебері: «О, Қасиетті әулие,бабаларым!

Көз түссе кесенеңе тәубәладым,

Пір тұтып өнеріме қостым сізді

Пір тұтпасам несіне қаумаладым,

Енді шықты шанағы домбыранымның,

Өз ойыма толқыдым, балбырадым

Әкеден қалған дүние мал болмайды

Мұрағып өнерімді қалдырамын!

Құс патшасы-қыран, ән патшасы-ұран, сөз патшасы- Құран, Ел Ордасы-Түркістан, Патша ордасы-Тұран».

Облыс аумағында 802 тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан. Ал бүгінгі жәрмеңкені ұйымдастырушылар өңіріміздегі туризмді дамытуға осылайша өз үлестерін қосуда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hmJPcJT9x18[/youtube]