Шымкенттіктер 3-қараша қала күнін атап өтеді

393
Шымкент қаласы
Шымкент қаласы

Шымқаланың туған күні нақты қай күні атап өтілетіні белгілі болды. Қала күні 3 қарашада тойланады, дегенмен Шымкенттің мерекесін тойлау бір күнмен шектелмейді. Ол 10 күн бойы түрлі тақырыптармен айшықталады.

Осы хабарламаны бүгін қала әкімі қалалық мәслихаттың кезекті он екінші сесиясында мәлім етті. Сесияның күн тәртібінде 11 мәселе талқыланды .Сессия отырысындағы басты ерекшелік – күн тәртібіне енгізілген мәселелердің барлығы дерлік депутаттар мен әкімдіктің бұрын қабылдаған шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізуге арналды.

Мәселен, Шымкент қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын  жәрдемін беру. Бұл 2012 жылғы наурыз айында қабылданған шешімге енген өзгеріс негізінде жасалатыны нақтыланды.

Мамандардың мәлімдеуінше, мұндай өзгеріс коммуналдық қызметке қатысты дифференциалды тарифтің енуіне байланысты болып отыр.Көмекке мұқтаж азаматардың қалауымен есептегіш құралдар алмастырылуда және дифференциалды төлем жасауда айырма өтемі мемлекеттен төленетін болады деген ақпарат айтылды.

Жиынның соңында қалалық мәслихаттың депутаттары білім беру мекемелеріндегі оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға, сапалы тамақтандыруға қатысты жүргізген тексеруін, оның қортындысын мәлімдеп, әкімдік тарапынан қадағалауды күшейту өажетігін нақтылады. Сессияның күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер небәрі жарты сағат көлемінде талқыланып үлгерді.