Тұрар Рысқұлов жайлы фильмнің тұсауы кесілді

1389
Тұрар Рысқұловтың тың дүниелерге толы деректі филімінен үзінді

 

Тұрар Рысқұловтың тың дүниелерге толы деректі филімінен үзінді

Тұрар Рысқұлов туралы тың деректерге толы деректі фильмнің тұсауы кесілді. Туындыны әуесқой режиссер Еркін Рақыш түсірген. Көрерменге жол тартқан көрнекті қоғам қайраткерінің өмір жолынан сыр шертетін фильмді дайындауға бір жыл уақыт кеткен екен. 

Бұл әуесқой режиссер Еркін Рақыштың кезекті туындысы. Бұған дейін деректі фильм түсіріп көрмеген шығармашылық иесінің туындысы мәдениет министрінің арнайы тапсырысымен жасалған. Фильм еліміздің тәуелдсіздігі жолында құрбан болған қазақ халқының аяулы перзенті Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қайраткерлігі жайлы. Фильмді студент жастар зор ықлас қойып тамашалады. Өйткені мұнда бұрын соңды кездеспеген тың дүниелер көп.

Еркін Рақыш, режиссер: «Біз тың дүниелер табуғы тырыстық. Алдымызға осындай мақсат қойдық. Сол мақсатымызға жеттік қой деп ойлаймын. Сол Мәскеудің түбіндегі қаладан  Рысқұловтың бұған дейін жарияланбаған бейнелерін таптық. 20 жылы Баку қаласында съезде сөйлеген сөзінің және  Монғолияға тікұшақпен келген кездегі бейнелерін таптық».

Шығармашылық топ Мәскеу, Тәшкент, Бішкек тағы басқа қалаларға барып бұрын жарық көрмеген құжаттар мен бейнетаспаларды және Рысқұловтың осы уақытқа дейін белгісіз болып келген жерленген жерін тауыпты. Туынды Алматыдағы тарих және этнография институтында сараптамдан өткен.

Еркін Рақыш, әуесқой режиссер

Еркін Рақыш, режиссер:» Мен бұған дейін деректі фильм түсіріп көрмегенмін. Осы кинодан кейін «Қазақ фильм» акционерлік қоғамының ұжымы көріп, тағы да  «Ашаршылық» деген кино тапсырды. Сол киноны да бітірдім. Бір айдың көлемінде оны да көріп қаларсыздар. Ол жерде де бүгінге дейін құпия болып келген құжаттарды таптық.  Өте жақсы кино шықты ғой деп ойлаймын».

Айта кетейік,фильмде Тұрар Рысқұлов образын Тараздың талантты актері Мәлік Ақүрпеков сомдаған. Оның әкесі Рысқұлды Темірбек Жүргеновтың баласы-Бижан Жүргенов ойнаса, Ахмет Байтұрсыновты өзінің немересі ойнаған. Бұған дейін Тұрардың туған жерінде көосетілген фильм енді Елорданың үлкен сахнасына жол тартты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_P709isli2o[/youtube]