Шымкентте америкалық деректі фильмдер көрсетілуде

301

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен өткізіліп жатқан фестиваль аясында тәуелсіз документалистер Америка қоғамы мен мәдениетінің түрлі қырларын сипаттайтын деректі фильмдерді ұсынуда. Фестивальдың құрметті қонақтары: Америкалық режиссер Александру Ротару, кино маманы Дайен Карсон.
Америкалық режиссерлар мен киноматаграфия саласының білгірлері биыл Қазақстаннан бастап, Грекия, Өзбекстан,Үндістан секілді әлемнің көптеген елдерінде деректі фильм фестиваліне қатысады екен. Олар бұл туралы баспасөз мәслихатында хабарлады. Азаматтық құқықтың тапталуымен қорғалуын, сөз бостандығының жай-жапсарынан сыр шертетін бұл деректі фильмдердің біздің қалада көрсетілуінің өзі үлкен мәртебе.
Алдағы күндері шетелдік киноматагрфистердің «Біз әлі осында тұрамыз»,»Өз өзіңе сен», «Камера ұстаған балалар», «Мұқабадағы қыз», «Нигер 66» секілді деректі фильмдері «Мега-Шымкент» сауда орталығының кинотеарында көрсетіледі.
Оңтүстіктің киносүйер қауымына ең бірінші болып, «Мұқабадағы қыз» деректі фильмі ұсынылды. Бұл фильм күллі әлемге Ирактағы соғыстың американдықтарға қалай әсер еткенін суреттеген. Байқағанымыздай шетел фильмін тамашалауға келген көпшіліктің санында шек жоқ. Олар үшін, жат елдің туындысы таңсық әрі қызық көрінеді екен.
Ал, бүгін облыстық кітапханада «Америка бұрышының» ашылу салтанаты өтпек.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=den-RzQR98I[/youtube]