Жалған құжат жасаған алаяқ ұсталды

348
ОҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы алаяқты қолға түсірді
ОҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы алаяқты қолға түсірді

Бұл күдіктінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қармағына түсуі кездейсоқ емес. Өйткені пысықай шымкенттіктің бір емес бірнеше көлемді қылмысқа қатысты болуы да мүмкін. Тірлікті тез тындырғышқа тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелерге сарсылмай-ақ дегеніне қол жеткізіп отырған.

Айтпақшы, күдікті азамат әр жалған құжат үшін 50 мың теңге ақы алып келген. Пысықайда қажет деген құжаттардың көшірмелері, қолтаңбалар мен мөрлердің бәрі де болған. Пәтерді тінтіген тәртіп сақшылары дәйекті дәлелді тауып алды.

Қуат Құдайбергенов, ОҚО ІІД жедел аға уәкілі: «Күдіктінің пәтерін тінту барысында дайын болған 6 жалған жер учаскесінің мемлекеттік актісі, 48 бос бланкілер, 7 мөр, әкімдердің шешімі табылды.»

Осылайша алаяқ шымкенттікке қатысты қылмыстың түйіні тарқатыла бастады. Осы арада белгісіз адамның 5 бірдей жердің құжатын шетелдік шырттай көлікке алмастырғаны белгілі болды. Одан кейін өзі ізім-қайым жоғалған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7J1CQEY9wF8[/youtube]