Қызды ұрып, тонап кеткен күдіктілер қолға түсті

505
Салтанат Қаракөзова

Полицейлер 30 жастағы ер азаматты қолға түсірді. Ол бір қыз бен жігітті тонап кетті деген күдікпен құрықталып отыр. Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша Шіркін ауылының тумасы сыбайластарымен бірге арызданушыларды тонап қана қоймай, аяусыз ұрып кетіпті.

Бұл қылмыстық әрекет 28-қазан күні орын алған. Сол түні Шіркін ауылының 30 жастағы тұрғыны жолдасымен Елшібек батыр көшесінің бойындағы түнгі клубты торуылдаған. Ойларында ештеңе жоқ, клубтан шығып келе жатқан қыз бен жігітке тиіскен. Соққы алған қыз 40 минуттай жерде жатып қалады. Сорақысы сол – жәбірленушілерге куәлер мен клуб қызметкерлері араша түспепті.

Салтанат Қаракөзова

Салтанат Қаракөзова,ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:»Олардың қылмысы клубтың бейнетаспасына жазылып қалған. Сол кезде-ақ бетбейнесі ашылып, іздеу жарияланған болатын. Күдіктілер 1982 жылы туылған ағайындылар. Олардың біреуі 24-қараша күні қолға түсті, екіншісіне іздеу жарияланды».

Тергеушілердің айтуынша, бұзақылар жапа шеккен екеудің ұялы телефондары мен алтын алқасын тонап кеткен. Алайда, біреуі ұзаққа бара алмай қолға түсті. Енді басы салбырап, қолмен істегенін мойнымен көтеріп отырған күдікті былай дейді.

Күдікті:»Қыздың аяғынан шалып қалдым. Бірақ кешірім сұрадым. Ал жігіті бірнарсе айта берген еді, бір ұрдым, құлап қалды. Тағы да кешірім сұрадым. Сол кезде досым қызды ұра жөнелді».

Қазір күдіктінің сыбайласы іздеу үстінде. Ол екеуінің өзге де қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін дейді тергеушілер. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mOAfemOWip8[/youtube]