Төтеншенің 200-ден астам қызметкері аттестациядан өтпеді

211
Сүрінгендердің барлығы қызметтен қуылды, тағы 50 маман өз өтініші бойынша қызметтен кеткен

 

Сүрінгендердің барлығы қызметтен қуылды, тағы 50 маман өз өтініші бойынша қызметтен кеткен

Масқара! Облыста төтенше жағдайлар саласының 200-ден астам қызметкері аттестациядан сүрінді. Бұл туралы бүгін басқарма бастығының орынбасары Бақытжан Құлмағанбетов мәлімдеді. Сүрініп бүлінгендердің барлығы қызметтен қуылды. Айтып келген аттестациядан қатты қорықса керек, тағы 50 маман өз өтініші бойынша қызметтен кеткен. 

Олардың барлығы төтенше жағдайлар саласы өкілдері. Аз емес 1800 ге тарта қызметкер аттестацияға қатысқан. Бірақ апат кезінде адам жанын арашалауы тиіс олар, дене шынықтыруға келгенде масқара боламыз деп ойламаса керек. 90 пайызы физикалық жаттығуға келгенде сүрініп қалған.

Бақытжан Құлмағанбетов, ОҚО ТЖД бастығының орынбасары: «Қазіргі таңда сол нормативтерді орындай алмайтын болса, ертең қандай басқа адамды құтқарады, Если өздері уақытында жүгіре алмаса. Уақытында келе алмаса. Сол себепті осы денешынықтыру жағынан көп адамдар өте алмай жатыр».

Сөйтіп төтенше жағдайлар саласының 207 қызметкері аттестациядан өте алмады. Олардың барлығы қызметтен қуылды. Осы тұста погон таққандардың шымыр болу қажеттегі тағы да дәлелденді. Аттестацияның аямайтынын білсе керек, погондылар жаппай жаттығу залын жағалап кеткен. Тіпті комитет басшылары да.

Ал бізде басқаша болған. Тосыннан келген аттестация үрей туғызса керек, төтенше жағдайлар саласындағы 50 маман өз еркімен қызметтен кеткен. Өңірде Аттестация әлі толық аяқталмады. Оның қорытындысы тағы қанша погондының жұмыссыз қалатынын көрсетпек.