Мәдени орталық өкілдері облыстың мерейтойын тойлауда (фоторепортаж)

Шешен-ингуш биін билеген бишілер тұрғындардың көңіл-күйін ерекше көтеріп тастады
Мектеп оқушыларынан құралған бишілер ауған биін биледі. Облыстың 80 жылдығына арналған іс шаралар жалғасын табуда. Бүгін өңіріміздегі барлық ұлттық мәдени орталық өкілдері Тәуелсіздік саябағында мерекелік концерт өткізді. Түрлі ұлт өкілдерінен құралған өнерпаздардың ішінде оқушылар мен қарттарымыз да бар. Сән салтанаты жарасқан олар ұлттық белгілерін айқындайтын киімдерін киіп, әннен шашу шашып, мың бұралып би биледі.

 

Шешен-ингуш биін билеген бишілер тұрғындардың көңіл-күйін ерекше көтеріп тастады
Славян мәдени орталығының бір топ апалары мен аталары хор орындады
230 тәтті нанды пайдалана отырып жазылған Шымкент атауы