Оңтүстіктің боксшылары ел чемпионатынан жеңіспен оралмақ

1018

Бұл залда екі облыстың боксшылары шеберлігін шыңдауда. Қызылордалық спортшылар шым қалаға тәжірибе жинақтауға келіпті. Достық қарым қатынасты нығайтып, алдағы ел чемпионатына дайындықты осы өңірден бастауды жөн санаған. шымкенттіктер үшін де бұл жақсы мүмкіндік.

Заңғар Қасқаев: «Биыл қоржынға алтын медаль саламыз».

Заңғар Қасқаев, бокстан ОҚО аға бапкері: «Былтырдан бері жарыстардан қалған жоқпыз. Сол себепті де алдағы ел чемпионатында топ жарамыз деп сенемін».

Ел чемпионаты биыл ерекше өтпек. Республикалық сынақта алғаш рет отандастарымыз жаңартылған ереже бойынша чемпиондарды анықтайды. Бас киімсіз жұдырықтасу аса ауыр болмас дейді Біржан Жақыпов.

Біржан үшін биылғы чемпионат сәтті өтуі тиіс

Біржан Жақыпов, халықаралық дәрежедегі спорт  шебері: «Қызылордалық боксшылармен оқу жаттығу жиыны бізге тиімді болады деп ойлаймын. Олардан аларымыз көп».

Соңғы екі жыл бойы оңтүстік құрамасы облыс қоржынына алтын медаль салмады. Биыл кем дегенде бір алтын болатынына облысымыздың аға бапкері сенгісі келеді. Өйткені жыл бойында жерлестеріміз жарыстардан қалмай, шет елге де жиі шыққан.

Ереже жаңартылды. Бас киімсіз жұдырықтасып, бес төрешінің екеуі алып тасталынды, және қазыларға талап та күшейтілді. Бұл жаңалық оңтүстік боксшыларына сәттілік алып келер деген сенімде шымкенттіктер.

 

 

 

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=x9QTThJcmC0[/youtube]