1000 га жылыжай салынады

Жалпы жоба бойынша 1 жылда 352 тонна өнім жинау көзделіп отыр
Жалпы жоба бойынша 1 жылда 352 тонна өнім жинау көзделіп отыр

Шымкент қаласындағы «Асар» шағынауданында соңғы үлгідегі технологиямен жарақталған жаңа жылыжай іске қосылды. 2,2 гектар аумақты алып жатқан жылыжайдың алғашқы өнімі жаңа жылдың қарсаңында жинала бастайды. Бұл жоба «ҚазАгро» холдингінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Биылдың өзінде облыста 171 гектар жерге жылыжай салыныпты. Олардың жалпы аумағы 551 гектар жерге жеткен. Соның 24 гектары «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландырылып, жаңа технологиямен жарақтандырылған. Сол себепті де диқандар осы жылыжайлардан мол өнім жинап келеді. Таяуда пайдалануға берілген жылыжайда испаниялық технология қолданылған. Ал қызанақтың голландиялық «Югидо» сорты егіліпті.

Қанатбек Оспанбеков, ОҚО Ауыл-шаруашылығы басқармасының бастығы

– 2016 жылы, біздің даму бағдарламамыз бойынша 1000 гектар жылыжай салынып, өнім беруі керек. Егер 1000 гектар салсақ республика халқын маусымаралық кезеңде көкөніспен қамтамасыз ете алатын мүмкіндігіміз бар. Облыста биылғы жылдың қорытындысы бойынша жылыжайлардан 150 мың тонна өнім жиналады деп болжануда.

Жылыжай жұмысшыларының айтуынша, әрбір қызанақтың салмағы 200 грамға дейін барады екен. Бір түптен 7 келіге дейін қызанақ алатын боламыз, – дейді.

Жалпы жоба бойынша 1 жылда 352 тонна өнім жинау көзделіп отыр. Және 5 миллион түп көшет өсірмекші. Бүгінгі таңда ОҚО бойынша осындай 6 жоба қаржыландырылыпты Жылыжайдағы қызанақ ашық топырақта өсірілгеніне қарағанда бірнеше есе көп өнім береді. Тек технологияны сақтасаң болғаны. Жылыжайда сондай-ақ тамшылатып суару технологиясы, соның ішінде әр түпке жеке түтік арқылы су жеткізу әдісі пайдаланылған.