Энергетиктер кәсіби мерекесін тойлады

622
21-желтоқсан энергетиктердің кәсіби мерекесі
биыл 146 трансформатор ауыстырылды
биыл 146 трансформатор ауыстырылды

Бүгін – энергетиктер күні. Осыған орай Оңтүстіктің энергетика саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін салтанатты түрде атап өтті. Өңір халқын жарықпен үздіксіз қамтамасыз етуде ерен еңбек сіңіргендер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Мақтарал ауданының бас энергетигі Жантөре Арсланұлы энергетика саласында 23 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бір ауданда 4 бірдей өңірлік станция бүкіл мақтаралдықтарды электр жарығымен қамтамасыз етіп отыр. «Біздің электр қуатын тарату станциямызда 200-ге жуық адам жұмыс істейміз. Бүгін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталдық. Бұл да еңбектің еленгені. Маған ғана емес, бүкіл ұжымымызға берілген марапат»-дейді Мақтарал ауданының бас энергетигі.

Айта кету керек, облыс энергетиктері биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Жалпы сомасы  4,5млрд.  теңгеге жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, аудан-қалаларының электр желілері жаңасына алмастырылды. Дегенмен, алда жоспар көп, жұмыс бастан асады дейді мереке иелері.