Энергетиктерге құрмет көрсетілді

479

Желтоқсан айының үшінші жексенбісі – энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай Оңтүстіктің энергетика саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін салтанатты түрде атап өтті. Өңір халқын жарықпен үздіксіз қамтамасыз етуде ерен еңбек сіңіргендер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Энергетика – заңды түр­де экономиканың негізгі сала­ларының бірі саналады. Аталмыш сала мамандары Қа­зақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика мен өн­діріс өнімдерін жаңғырту бойынша ел Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың қой­ған міндеттерін жүзеге асы­руға зор үлес қосуда.

Энергетика мамандары халық пен кәсіпорындарды жылумен, электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру үшін аянбай еңбек етеді. Уақытпен санаспайды. Осының нәтижесінде облыс экономикасы үдемелі даму үстінде.

Әр үйдегі жарық пен жылу, техника жұмысы, ХХІ ғасырдағы адамзаттың өмір сүру мүмкіндігі осы сала мамандарының жұмысына тікелей тәуелді. Кәсіби мереке қарсаңында үздіктердің үздігі – энергетика саласы мамандары мен еңбек сі­ңір­ген қызметкерлері, са­­ланың бастау алған сә­тінде тынымсыз еңбек­тері­мен оның дамуын арт­тырғандарға ерекше құрмет көрсетілді. Бірқатарына облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

Тағабаев Тобақабыл
Тағабаев Тобақабыл

Шардара аудандық электр желісінің диспечері Тағабаев Тобақабыл 30 жылдан бері осы салада қызмет етеді. Бүгін еңбегі еленіп, марапатқа ие болды.

Тобақабыл Тағабаев, Шардара аудандық электр желісінің диспечері: «Еліміз егемендік алғалы энергетика саласы дамып келеді. Осы жылдары желілер ауыстырылды. Ауылдық жерлердегі ағаш бағаналар да жаңартылып, заманауи желілер тартылды. Мұның барлығы тәуелсіздігіміздің арқасында жеткен жетістіктер.»

Айта кету керек, облыс энергетиктері биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Қыруар қаржыға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, аудан-қалаларының электр желілері жаңасына алмастырылды. Дегенмен, алда жоспар көп, жұмыс бастан асады дейді мереке иелері.

Ерболат Өмірбай, Төрткөл ауылының электр-инженері: «Энергетиктердің жұмысы оңай емес. Әр үйге жарық беру оңай шаруа емес. Жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Осындай жауапты жұмысты атқарып жүрген әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.»

Алдағы екі-жылда энергетика саласында алып жобалар жасалып, жүзеге аспақ. Ол үшін мемлекет тарапынан қыруар қаржы да бөлініп жатыр.