ОҚО әкімдігі Елбасы жолдауын талқылады

Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісі бойынша 51-орында тұр
Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісі бойынша 51-орында тұр
Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісі бойынша 51-орында тұр

Жаңа жылдан бастап жергілікті жерлердегі ауыл әкімдерін Сіз сайлайтын боласыз. Бұл қадам елдегі демократияның қанатын одан әрі қатайта түсері сөзсіз. Бүгін облыс активінде өткен жиында Елбасының «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауы талқыланды.

Қазақстан 2030 стратегиясы бойынша ұстанған 7 бағыттың басын Қазақ елі небары 15 жылда қайырды. Соның нәтижесінде еліміз ең серпінді, дамушы елдердің бестігіне енді. Енді 2050-ге қарай адымдап қадам басып, негізгі меже – дамыған 30 елдің қатарына енуге тиіспіз. Экономикалық прагматизм, қазақстандық демократия мен патриотизм және кәсіби мемлекет. Алдағы жарты ғасырда бағындыруға тиіс 7 белес осындай.

Жаңа жолдау бойынша 2013 жылы елде 2,5 мыңнан аса әкім сайланады. Мұның арасында ауыл, аудандардан бөлек, саяси маңызы жоғары 50 қала бар. Бұл дегеніңіз, елді басқаратын әкім қаралардың 92 пайызға жуығын қарапайым қараша таңдайды деген сөз.

Президенттің әрбір жолдауын асыға күтетін азаматтың бірі – Ғаппар Маймақов. Белгілі ғалым Елбасының жолдауы түсіндірілген кітапшасын осымен 14-ші рет шығарып отыр. Енді көп тиражбен басылған мына брошюра оқу орындары мен кітапханаларға тарайды. Жолдаудағы дін мен тіл мәселесі ғалымды тебірентпей қоймаған.

Қысқасы, жаңа бағыт бойынша 2050-ге дейін тындырылатын тірлік көп болмақ. Осы жарты ғасырға жуық уақытта елдің де ортақ сыннан қалай өтері байқалмақ. Сондықтан үлкен межеден сүрінбей өтейік деп тарасты жиналған жұрт.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=UCixnqKVVJ4[/youtube]