Оңтүстік Қазақстанда ВИЧ төңірегінде тағы да дау

ВИЧ позитивті балаларға вакцина салуға болмайды

 

ВИЧ позитивті балаларға вакцина салуға болмайды

Баласының дертті жұқтырғанын алты жылдан соң бір-ақ білген ата-ана дәрігерлерді сотқа бермек. Бұл туралы олар Отырар телеарнасы тілшісіне айтты. Ал бұл кезде балаларды СПИД-тен қорғау қорының президенті 2006 жылғы жаппай ВИЧ індетін жұқтыру оқиғасына қатысты жаңа деректерді орын алғанын хабарлады.

 12 жасар баланың ВИЧ-ті қайдан жұқтырғаны әлі күнге белгісіз. Арнайы құрылған комиссия ләм-мим демеген. Балаларды СПИДтен қорғау қорының президенті осылай деп отыр.

Ашуға мінген ата-ана енді дәрігерлерді сотқа бермек. Бізбен байланысқан олар осылай деп дүрсе қойды. Олай істемеуге амал жоқ дейді. Өйткені ақ халаттылар өздерін сүттен ақ, судан таза қып алмақшы деп қауіптенед

Анарбай Бұланбаев, науқас баланың нағашысы:  «Бұлар уақытында тексермеген, кемшілік көп. Мойындамай отыр мұны дәрігерлер. Сотқа беремін осындай қасырет көрсеткені үшін».

Ал денсаулық сақтау басқармасындағылар болса, шын мәнінде комиссия жұмысын аяқтады деп отыр. Бірақ не шешкенін алғашында айтқысы келмеді. Кейіннен көрші Өзбекстаннан бүлдіршіннің сонда емделгенін растайтынын құжатты күтіп отырмыз деп қалды. Айта өтейік, олар о баста осы версияны ұстанған еді. Енді соған жауап келмейінше ата-анаға комиссияның шешімі туралы айтқысы жоқ сияқты.

Салтанат Жабағиева, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары: «Нақты қайдан, кімнен жұққаны анықталмай отыр. Көрші елге сұраныс хат жіберген едік. Бірақ әлі мәлімет келген жоқ. Ал ата-анасы дәрігерлерге  көрші елде емделгені жөнінде айтқан».

Ал бұл кезде «Балаларды СПИДтен қорғау» қорының президенті тағы бірнеше фактілерді жайып салды. Айтуынша, 2006 жылғы аурухана ішілік ошақтан дертті жұқтырған тағы бірнеше бала анықталған. Егер тексеру жүргізсе әлі талай былықтың беті ашылады деп отыр.

Жанетта Жазықбаева, «Балаларды СПИД дертінен қорғау» қорының президенті: «Биылдың өзінде 9 бала анықталып отыр. Обллысымызда 2000 ға жуық адам осы дертке шалдыққан болса, оны 5, 10 еселеуге болады».

Әзірге бұл деректер бойынша ата-аналар шағымданбаған. Ал араға 6 жыл салып ВИЧ індеті бар екені анықталған баланың ата-анасы болса тыныш отырмақ емес. Соған қарағанда ВИЧ төңірегіндегі дау әлі жалғасатын секілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-yXGrVWD0t8[/youtube]