Сайрам ауданында ҚСРО Батыры Сабыр Рахымовқа ескерткіш орнатылды

794
Сабыр Рахымовтың туылғанына 110 жыл
Сабыр Рахымовтың туылғанына 110 жыл
Сабыр Рахымовтың туылғанына 110 жыл

Батырға тағзым. Сайрам ауданындағы Манкент ауылдық округіндегі №2 Сабыр Рақымов атындағы жалпы орта мектептің ауласында Кеңес Одағының батыры, гвардия генерал- майоры Сабыр Омарұлы Рақымовтың  ескерткіші ашылды. Ерлігі  мен әскери шеберлігіне тәнті болған басшылар Сабыр Рақымовты «темір тегеурінді генерал» деп бағалаған. Ол Ұлы Отан соғысына 1941 жылы маусымда майор шенінде, мотоатқыштар полкі командирінің орынбасары ретінде кіріседі. 56-шы армияның құрамында шайқасқа қатысады. 1944-1945 жылдары 37-шы гвардиялық дивизияның командирі ретінде Шығыс Пруссия, Польша жеріндегі ұрыстарға қатысып талантты командир ретінде көзге түседі. 1945 жылы 26 наурызда Польша жеріндегі шайқаста Сабыр Рақымов қаза табады. Батырдың есімімен аталған мектептің ауласында ашылған ескерткішке сайрамдықтар тағзым етті.
Гүл шоқтарын қойды.

Пахриддин Исламов, кәсіпкер, Сайрам аудандық өзбек мәдени орталығының төрағасы: » Осындай ескерткіш орнатуға негіз болған жерлесіміздің ерлігі. Отанын қорғаған батырдың  өмірлік жолы  өскелең ұрпаққа өнеге. Сондықтан да  ұл-қыздар батыр ағаларын ұмытпасын,  үлгі алсын деген ниетпен мүсінін жасаттым».

Ескерткіштің сәулеттік жобасын ҚР Сәулетшілер Одағының мүшесі Жұбай Сағынбеков дайындаған. Құрылысын Көк Тас ЖШС және жеке кәсіпкер Ораз Піржанов жүргізді. Сабыр Рақымов жауынгерлік ерліктері үшін Ленин орденімен, 4 мәрте жауынгерлік Қызыл Ту орденімен, 2-ші дәрежелі Суворов, 2-ші дәрежелі Кутузов орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1965 жылы 6 мамырда КСРО билігінің шешімімен оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

 Уәлихан Қайназаров, Сайрам ауданының әкімі: Батыр ағамыздың құрметіне көше  де мектептер де аталған. Міне ,енді ескерткіш те орнатылды. Оқушылар мектепке келгенде батыр  аталарын көріп, жақсы оқиды. Отанын Сабыр Рахымов сияқты сүйеді. Ескерткіштің тәрбиелік мәні зор. Кәсіпкерге рахмет».

Тұңғыш қазақ генералының туғанына биыл 110 жыл. Ұлтының атын шығарған батыр қолбасшының мерейтойын ел көлемінде атап өтіп, келер ұрпаққа аманаттау бүгінгі күннің міндеті. ……

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=iDpPKDeeYrc[/youtube]