Шымкентте тұңғыш рет жастардың идеялар жәрмеңкесі өтті

353
Шымкентте тұңғыш рет жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтті
Жәрмеңке желісі бойынша жас кәсіпкерлер бизнес жоспарларына инвестиция тарта білуі қажет
Жәрмеңке желісі бойынша жас кәсіпкерлер бизнес жоспарларына инвестиция тарта білуі қажет

Шымкент қаласында тұңғыш рет «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен «Даму» жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Идеялар» жәрмеңкесі өтті. Естерңізде сала кетейік, ағымдағы жылдың 17-қыркүек айынан бастап Шымкент қаласында «Жас кәсіпкерлер мектебі» «Даму» қорының әзірлеген «Даму-Жастар» пилоттық бағдарламасының аясында оқу тренингтер басталған болатын. Осылайша 18-29 жас аралығында шымкенттік жас кәсіпкер болуды көздеген 400 -ден астам жас іскер азаматтар оқыған. Басты бағыттары – өз кәсібін ашамын деген болашақ кәсіпкерлер және өз жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерді кәсіпкерлік кісіріспесі мен оның психологиясына, бизнес жоспар құруға, маркетингтік қызметке, персоналды басқаруға, кәсіпкерлер үшін қаржы көзін табуға, бизнес жүргізудегі заңды аспектілерге, тәуекелдерге, бизнес жүргізуүшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға үйрету.

Аталған бағдарлама аясында өз ісін жаңадан бастаған және жұмысын әр салада жүргізіп жатқан жас кәсіпкерлерге бұл күні инвестициялық және бизнес жобаларды дайындауға және оны жүргізуге, қаржыландыруға, инвестция көзін тартуға арнайы ұйымдастырылған. Сондықтан облысымыздағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 4-ші курс студенті Олжас Амантөров өзінің инновациялық идеясын ұсынды. Бүгінгі күні осы жоғарғы оқу орнының жалпы медицина мамандығын меңгеріп жүрген ол болашағын да медицина саласымен байланыстырады.

Олжас Амантөров: «Мен өзімнің кәсіпкерлік идеяма келетін болсам, болашақта медициналық мүмкіндігі мол клиника ашпақпын. Бұл көпшілікке қолжетімді және оңтайлылығымен ерекшеленетін болады. мәселен, бүгін бір науқас аурып қалатын болса, ол таңертең ауруханаға барып, жүгіріп жүріп сынама тапсырады емес пе?! Міне, менің клиникам науқастардың жүгіруіне жол бермейді. Анығырақ айтсақ, өзі ауырып тұрған азаматты одан да бетер халге ұшыратпай, телефон арқылы бізге хабараласады. Сол сәтте үйіне барып-ақ «анализ» аламыз. Ал ауқымды тексеруге келетін болсам, мысалы «рентген» секлді. Ол кезде міндеті түрде жылжымалы автокөлік жұмыс жасайтын болады. Бұл да бір үлкен инновация мысалы, ал сынама қортытынды-нәтижесін өзіміз хабарлайтын боламыз. Ешқандай кезек күтіп сабылмайды. Ал қажетті  техникалық құрал-жабдықтардың бағасын әлі білмеймін. Бірақ қомақты болары анық».

Майя Бердалиева, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, ОҚО бойынша аймақтық филиалының бас маманы: «Бұл жәрмеңкенің жас кәсіпкерлерге берері мол. Себебі, бұл күні олар өздерінің кәсібінің толық жобасымен таныстырады көпшілікті. Осылайша өздеріне тиімді инвестор табары сөзсіз. Бұл жастарға таптырмас қолдау екені де анық қой. Сонымен қоса, жас кәсіпкерлер 2 апта көлемінде, күніне 4 сағаттан оқыды. Жалыпы саны 48 сағат оқу процесі өтті. Менің ойымша нағыз мамандардан алған білімдерін енді дұрыстап жүзеге асыру ғана қалды. Ал бүгінгі жәрмеңке жастарға өте пайдалы! Ал «Даму» қоры шымкенттік 400 жастың кәсіпкерлік оқуды меңгеруіне толығымен жағдай жасады. Сол себепті де бұл жас кәсіпкерлеріміздің атқарған жұмыстары біздің назарымазда болады. Алдағы күндері қолымыздан келген көмекті көрсетуден жалықпаймыз».

Сонымен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры жас кәсіпкерлерге осылайша қолдау көрсетуде. Ал бүгінгі жәрмеңкеде жұмысы көзге түскен жастар кәсіпкерліктің алғашқы баспалдақтарымен жүретін болады.