Шымкентте жас кәсіпкерлер мектебі ашылды

1364
Жас кәсіпкерлер мектебі 400 жасты үйретуді жоспарлап отыр

Жасың 18 бен 29 аралығында ма? Идеяң тың, бизнес дөңгелендіріп әкетуге ниетіңіз болса, кәсіпкерлік мектебі сізге арналады. «Даму жастар» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қалаған жастар кәсіпкерлікке үйреніп, оның әліппесін меңгере алады.

Жас кәсіпкерлер мектебі 400 жасты үйретуді жоспарлап отыр

«Даму» қоғамдық бірлестігі оқуды екі апта бойында жүргізеді. Бизнесті қалай жүргізу қажеттігін асығы алшысынан тұрған кәсіпкерлерлер өмір тәжірибесімен бөліседі. Жас кәсірпкер мектебін тамамдағанға сертификат беріліп, үздік бизнес жобаға 3 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Жас кәсіпкерлер мектебіне келіп, нәсібін ұлғайтуды көздегендердің арасында Марат Құдайқұлов та болды.

Мұнан соң біз Мараттың қазіргі кішігірім бизнесімен таныстық. Ол 2004 жылдан бері жалюзи жасап, оны орнатумен айналысады екен. Үш досымен басталған бұл істері бүгінде өз жемісін де беріп келеді. Жақында жартылай автомат станок сатып алып, жігіт бірнеше адамды жұмыспен де қамтып отыр.

Жалюзидің түр-түрін жасап шығаруға машықтанған Марат пен оның әріптестерінің ендігі бірнеше жобасы бар екен. Жүзеге асады ау дегенін оқудағы білікті мамандарға көрсетпек.

Қазір кәсіпкерлер мектебінде 50 оқушы. Жыл соңына дейін мұнда 400 жасты оқыту жоспарда бар. Орыс және қазақ тілінде өткізілетін семинарлар күнделікті 4 сағаттан 2 аптаға жалғасады.